Қапшағай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы № 22-91 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 5 шілдеде № 4271 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Айтова Мейрамгуль Казбековнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Қапшағай қалалық
      мәслихатының хатшысы Қ. Ахметтаев

  Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы №22-91 шешіміне қосымша

Қапшағай қалалық мәслтихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №57-239 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3655 тіркелген, 2016 жылғы 5 қаңтарында және 15 қаңтарыңда "Нұрлы өлке" газетінде жарияланған);

      2. "Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" №57-239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы №60-244 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3729 тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанында және 4 наурызында "Нұрлы өлке" газетінде жарияланған);

      3. "Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" №57-239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 29 наурыздағы №2-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3778 тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірінде, 22 сәуірінде және 29 сәуірінде "Нұрлы өлке" газетінде жарияланған);

      4. "Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" №57-239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 19 мамырдағы №4-22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3860 тіркелген, 2016 жылғы 8 маусымында "Нұрлы өлке" газетінде жарияланған);

      5. "Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" №57-239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 22 шілдедегі №6-30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3922 тіркелген, 2016 жылғы 5 тамызында, 12 тамызында және 19 тамызында "Нұрлы өлке" газетінде жарияланған);

      6. "Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Қапшағай қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" №57-239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 27 қазандағы №12-43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3992 тіркелген, 2016 жылғы 18 қарашасында, 25 қарашасында және 1 желтоқсанында "Нұрлы өлке" газетінде жарияланған).