Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 5 "Алтықарасу, Еңбекші, Сартоғай ауылдарының көшелерін атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 5317 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 20 маусымдағы № 5 "Алтықарасу, Еңбекші, Сартоғай ауылдарының көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-82 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 шілдеде "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі М. Шуиншалин