1. Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 4 "Өтек ауылы көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-108 тіркелген, 2011 жылғы 25 тамызда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Өтек ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 1 маусымдағы № 2 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Өтек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өтек ауылдық округ әкімінің м.а. | А.Есибеков |