1. Жайсаңбай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 8 "Жайсаңбай селолық округінің Жайсаңбай селосының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-143 тіркелген, 2011 жылдың 25 қазанында аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі атауында "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі | Ғ.БАЙТАҚОВ |