Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсанындағы № 19 "Маржанбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 123 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 5420 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Алға ауданының Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 23 желтоқсанындағы № 19 "Маржанбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-3-69 тіркелген, 2009 жылғы 03 ақпандағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Алға ауданының Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Маржанбұлақ ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Ахметов А.О.