Үшқатты ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 1 "Көшелер атауын өзгерту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Үшқатты ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 сәуірде № 5446 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Үшқатты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Үшқатты ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 23 маусымдағы № 1 "Көшелер атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-49 тіркелген, 2008 жылдың 7 тамызындағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      қазақ тіліндегі шешімінің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Үшқатты ауылдық
      округінің әкімі Г.Алдабергенова