Комсомол ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 30 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылдың 25 сәуірде № 5463 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Комсомол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Комсомол ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      1) Комсомол ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 26 маусымдағы № 50 "Комсомол ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-55 тіркелген, 2008 жылдың 31 шілдеде "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінде:
      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) Комсомол ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 16 наурыздағы №10 "Комсомол ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-74 тіркелген, 2009 жылы 16 сәуірде "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінде:
      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару" туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Комсомол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:"
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі Б.Прмагамбетов