Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 1 "Көшелерді қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 сәуірде № 5428 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сұлукөл ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 23 маусымдағы №1 "Көшелерді қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-48 болып тіркелген, 2008 жылғы 7 тамыздағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сұлукөл ауылдық
      округінің әкімі Б.А.Бирлепесов