11.12.2017

Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 7-бабы 1-тармағының 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрi

      _________________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 25 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      ____________Қ. Қасымов

      2017 жылғы 14 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 933 бұйрығымен
бекітілген

Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну Қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.11.2019 № ҚР ДСМ-143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 97) тармақшасына сәйкес әзірленді және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) авиациялық қызметтер көрсету – азаматтық авиацияның жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды ақысын алып немесе жалдау бойынша орындауға байланысты қызметтер көрсетуі;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) әуе кемесі – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;

      4) әуе кемесінің командирі – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Әуе кеңістігі туралы заң) сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті оқытудан өткен, пилот куәлігі және осы үлгідегі әуе кемесін дербес басқару құқығына рұқсаты бар адам;

      5) әуекомпаниясы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;

      6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      7) диспетчерлік қызмет (бұдан әрі – ДҚ) – Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен облыстық ЖМКС-ның техникалық байланыс құралдарын қолдану, ақпарат жинау, оны өңдеу және жедел бақылауды жүргізу негізінде жедел басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі;

      8) жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл және жедел медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны;

      9) жедел медициналық көмек станциясы (ЖМКС) – өмірге (пациенттің және (немесе) айналадағылардың) қауіп төндіретін жағдайлар, жазатайым оқиғалар, жіті ауыр аурулар кезінде оқиға орнында және жолда ересектер мен балаларға тәуліктік шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым;

      10) ЖМК (санитариялық авиацияның мобильдік бригадасының) бригадасының фельдшері – "Емдеу ісі" (немесе "Акушер ісі" мамандығы бойынша және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру, сондай-ақ "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген) 2003 жылғы 11 ақпанға дейін "Зертханалық диагностика", "Зертханашы-фельдшер", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша жұмысқа кіріскен) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (орта кәсіптік, орта кәсіби) медициналық білімі немесе "Емдеу ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғарғы медициналық білімі, "Жалпы медицина" мамандығының бакалавры және орта біліктілік деңгейімен маман сертификаты бар адам;

      11) санитариялық авиацияның мобильдік бригадасының дәрігері – жоғары медициналық білімі, "Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)", "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталды реанимация) (балалар)" мамандықтары бойынша маман сертификаты бар адам;

      12) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;

      13) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

      14) қону алаңы – жердің, мұздың, су бетінің, құрылыстың үстіңгі бетінің, оның ішінде қалқымалы құрылыстың үстіңгі бетінің әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына, жермен жүруіне және тұрағына арналған учаскесі;

      15) медициналық қызметтер көрсету – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылы;

      16) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар;

      17) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      18) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      19) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы (бұдан әрі – ҰШМҮО) – жедел медициналық көмек, санитариялық авиация қызметінің және шұғыл медициналық көмек көрсететін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      20) ҰШМҮО санитариялық авиация үйлестіруші – дәрігері – жоғары медициналық білімі, тиісті мамандығы бойынша маман сертификаты бар адам;

      21) санитариялық авиация – пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу немесе пациентті (терді), сондай-ақ бұдан әрі транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады;

      22) санитариялық авиацияның мобильдік бригадасы (бұдан әрі – САМБ) – пациенттерге тікелей төменде аталған медициналық көмек түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін: білікті, мамандандырылған, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсететін санитариялық авиацияның құрылымдық-функционалдық бірлігі;

      23) санитариялық авиация үйлестіруші - дәрігерінің өтінімі – пациент туралы ақпаратты қамтитын құжат;

      24) санитариялық автокөлік – пациенттерді, еріп жүруші медициналық қызметкерлерді, сонымен қатар тиісті медициналық ұйымға бұдан әрі трансплантациялау үшін донорлық ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді және биоматериалдарды тасымалдауға арналған мамандандырылған жерүсті көлік құралы;

      25) санитариялық ұшуға тапсырма – экипаж мүшелері туралы деректерді қамтитын және ұшу мақсатын айқындайтын пайдаланушымен белгіленген нысандағы құжат;

      26) тұрақты рейс – әуе кеңістігін пайдалану туралы Заңына сәйкес авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;

      27) төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін апат, қауіпті табиғи құбылыстар, апаттар, зілзала және басқа да жойқын құбылыстар салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

      28) шұғыл медициналық көмек – кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек;

      29) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;

      30) телемедициналық қызметтер көрсету – ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтер кешені.

2-тарау. Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну тәртібі

      3. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету туралы мәселелерді қарау үшін:

      санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті қажет ететін пациенттің медициналық картасынан көшірме;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰШМҮО диспетчерлік қызметіне санитариялық авиация бөлімшесі үйлестіруші-дәрігердің өтінімі (бұдан әрі – Өтінім);

      шұғыл жағдайлар кезінде бұдан әрі жазбаша растаумен уәкілетті органның ауызша тапсырмасы;

      ЖМК қызметінен және басқа да шұғыл қызметтерден шақыртулар негіз болып табылады.

      4. ҰШМҮО және санитариялық авиация бөлімшелерінде тәуліктік ДҚ ұйымдастырылады, олар өзара, медициналық ұйымдар, пайдаланушылар, әуе кемелерінің ұшқыштары, САМБ және білікті мамандармен үнемі байланыс жүргізеді.

      5. Санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ:

      санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті қажет ететін пациенттің келіп түскен медициналық құжаттарымен танысады, пациенттің ағымдағы жағдайын нақтылау үшін қосымша деректерді, телемедициналық консультация нәтижелерін, пациенттің динамикадағы жағдайы туралы ақпаратты сұратады, медициналық көмек көлемін айқындайды;

      ҰШМҮО ДҚ ұсыну үшін өтінім қалыптастырады;

      ҰШМҮО ДҚ САМБ құрамын келіседі және бекітеді, өңірлердің медициналық ұйымдарынан білікті мамандардың ақпараттандырылған келісімін ала отырып, медициналық көрсетілімдер бойынша қалыптастырады;

      әуежай өкілдерімен санитариялық авиацияның санитариялық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі және медициналық ұйымдармен өзара байланысты қамтамасыз етеді;

      санитариялық автокөлікте пациентті (терді) САМБ медициналық ұйымнан әуежайға (кері) дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

      САМБ келген кезде қарсы алуды және қабылдаушы медициналық ұйымға алып жүруді ұйымдастырады;

      қабылдаушы медициналық ұйымнан САМБ тағайындау орнына жеткендігі және пациенттің (тердің) ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты сұратады;

      әуе кемесінің ұшу бағытын қадағалайды, ұшу аяқталғаннан кейін әуе кемесі командирімен бірге ҰШМҮО ДҚ шұғыл өтінімді және санитариялық ұшуға тапсырманы орындау туралы есептік ақпаратты ұсынады;

      төтенше жағдайлардың туындауы туралы ақпарат келіп түскен кезде ҰШМҮО ДҚ ақпараттандырады.

      6. Санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ:

      тұрақты аэродромдары жоқ елді мекендерде әуе кемесіне арналған қону алаңын;

      қонуды жүзеге асырған және 4 (төрт) сағаттан астам ұшуды күтіп отырған, ұшу-техникалық сипаттамаларына, ауа райы жағдайларына, қараңғы тәулік уақытына байланысты ұша алмау жағдайында әуе кемесін уақытша күзетуді;

      ұшу мүмкін болмаған жағдайда демалу үшін әуе кемесі ұшу экипажын, САМБ орналастыруды ұйымдастыруға қатысады.

      7. ҰШМҮО ДҚ өтінім келіп түскен кезде:

      санитариялық авиацияның ДҚ-дан пациенттің медициналық құжаттарымен бірге келіп түскен өтініммен танысады, пациенттің (тердің) ағымдағы жағдайын бағалайды, өтінімнің негізділігіне талдау жүргізеді (мақсаты, медициналық қызмет түрі, медициналық көмек көлемі, телемедициналық консультация нәтижелері және т.б.), пациенттің жай-күйін нақтылау үшін санитариялық авиация бөлімшесінің ДҚ қосымша деректерді сұратады, Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі қабылдаушының мүмкіндігін бағалайды;

      қажетті медициналық қызмет түріне сәйкес пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау орындылығын, шұғыл медициналық көмек көрсету көлемін және тасымалдау кезінде тәуекелдердің пайда болу дәрежесін айқындайды және санитариялық ұшуға тапсырманы орындауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      қабылдаушы медициналық ұйымды алдын ала хабарлаумен пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      медициналық көрсетілімдер бойынша САМБ қалыптастырады, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан және білім беру және ғылыми (ЖОО) ұйымдарынан білікті маманды (дарды) тартады;

      санитариялық авиация бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан тартылған білікті маман (дар) және САМБ құрамын келіседі;

      ара қашықтық ұзақтығын, әуе кемесінің түрін айқындайды және әуе кемесін пайдаланушыға өтінімді береді;

      пайдаланушымен ұшу уақытын келіседі және санитариялық ұшуға тапсырманы "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 118/е нысаны бойынша тағайындайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

      әуежай өкілдерімен санитариялық авиацияның санитарлық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі;

      санитариялық автокөлікте пациентті (терді), САМБ-ты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан әуежайға (кері) дейін тасымалдауды ұйымдастырады;

      кейіннен трансплантаттау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктері) мен тіндерді алу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан білікті мамандарды (сонда/кері) әуе көлігімен жеткізуді ұйымдастырады;

      өтінімді орындау барысына кедергі келтіретін жағдайлар (техникалық, ұйымдастырушылық, метерологиялық факторлар) туындаған кезде ҰШМҮО басшылығын уақтылы хабардар етеді;

      ҰШМҮО басшылығын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды төтенше жағдайлар туралы хабардар етеді.

      8. Пациентті (терді) тасымалдау пациенттен (терден) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсетуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағандарға және азаматтардың сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға қатысты келісімді олардың заңды өкілдері береді. Ес-түссіз халдегі пациеттерге медициналық көмек көрсету медициналық ұйымның лауазымды адамдарының еркін нысанда хабарламасымен консилиумның немесе өңірдің медициналық ұйымының немесе САМБ дәрігерінің немесе білікті маманның шешімімен қабылданады.

      9. Санитариялық авиация өзіне медициналық және авиациялық қызметтерді енгізеді.

      10. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктері) мен тіндерді тиісті медициналық ұйымға әуе көлігімен тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

      11. Медициналық көрсетілетін қызметтерге бұдан әрі телеконсультация қорытындысын ұсынумен телемедицинаны пайдалану арқылы консультация, пациентті (терді) тасымалдау, көзбе-көз консультация жүргізу және (немесе) орнындағы операция жасау үшін білікті маманды (дарды) (сонда/кері) тасымалдау кіреді.

      12. Авиациялық көрсетілетін қызмет құрамына пациентті (терді) жеткізу, бетпе-бет консультация жүргізу және (немесе) орнында операция жасау мақсатында білікті маманды (дарды) (сонда/кері) жеткізу, ағзалар мен тіндерді алу бойынша білікті мамандарды (сонда/кері) жеткізу, сондай-ақ кейінен трансплантациялау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді, биоматериалдарды жеткізу кіреді.

      13. Арнайы әуе кемелерін пайдалану арқылы санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті көрсету мақсатында көрсетілетін авиациялық қызметтерді пайдалану негіздері:

      жетуі қиын кезінде (жолдардың болмауы, таулы жер, қажетті медициналық көмектен алыс орналасқан шалғай елді мекендер (учаскелер) және т.б.);

      пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;

      ЖМК көшпелі бригадаларына жер үсті және су көлік түрлерімен медициналық эвакуациялауды жүзеге асыру мүмкіндік бермейтін оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсету;

      жерүсті көлігімен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен тасымалдау мүмкін болмаған кезде және медициналық ұйым хатының негізінде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда одан әрі емдеуді жалғастыру үшін, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына білікті медициналық көмек алған пациентті (терді) тасымалдау;

      уәкілетті органның хатына сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда ауыр жағдайдағы жер үсті көлігінде және азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерінде тасымалдауға мүмкіндік бермейтін медициналық алып жүруді қажет ететін жағдайдағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау;

      уәкілетті органның жазбаша тапсырмасы бойынша оқиға орнына және одан кері, зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалдарды тасымалдауға медициналық салдармен төтенше жағдайлар кезінде білікті мамандарды жеткізу;

      медициналық санитариялық салдарларын жою бойынша төтенше жағдайлар орнына САМБ жеткізу;

      пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін, ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді алу үшін) білікті мамандарды жеткізу.

      14. Пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін, ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді алу үшін) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан білікті мамандарды жеткізу, рейстердің қолайлы кестесінің, метеожағдайлардың және пациенттің (тердің) жай-күйінің болуын/болмауын ескере отырып, тұрақты рейстердің әуе кемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

      15. САМБ құрамына дәрігер, фельдшер кіреді, медициналық көрсетілімдер бойынша білікті маман (дар) тартылады.

      16. САМБ пациенттің (тердің) патология бейініне сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ҰШМҮО/санитариялық авиация бөлімшесі жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ең төмен тізбесіне сәйкес жарақтандырылады.

      17. САМБ пациентті (терді) тасымалдау кезінде диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес пациенттің (тердің) жағдайына және емдеуіне тұрақты негізде бағалау жүргізеді.

      18. Авиациялық көрсетілетін қызметтер ҰШМҮО мен қабылдаушы арасында жасалған шарт негізінде көрсетіледі.

      19. Медициналық көрсетілетін қызметтер ҰШМҮО денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде көрсетіледі.

      20. Денсаулық сақтау субъектілері мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдары ҰШМҮО шартқа сәйкес санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету туралы білікті мамандардың бекітілген кестесін ұсынады.

      21. Телемедициналық консультацияларды ҰШМҮО білікті мамандарды тарта отырып (жабдықтар болған жағдайда) білікті медициналық қорытынды алу үшін, емдеу тактикасын және санитариялық авиация нысанында медициналық көрсетілетін қызметтердің көрсетілімдерін айқындау үшін денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдар ұйымдастырады.

      22. ҰШМҮО-да ЖМК және санитариялық авиация нысанында халыққа уақтылы медициналық көмек көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, акушерлік патологиясы бар жағдайы ауыр пациенттерге мониторинг жүргізу үшін бейінді мамандардан штаты бар Ахуал орталығы құрылады.

  Санитариялық авиация
нысанындағы медициналық
көмекті ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының диспетчерлік қызметіне санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігерінің өтінімі

Қызмет түрі:

Тасымалдау
Консультация
Операция

Пациент туралы ақпарат

Пациенттің Т.А.Ә.(бар болған жағдайда):
Туған жылы:
Азаматтығы:
Жынысы:
Салмағы:
Бойы:
Елдімекен:
Пациенттің орналасқан жері:
Пациенттің орналасқан жерінен әуе жайға дейінгі болжамды жету уақыты:

Диагнозы

Негізгі:
Қосымша:

Пациенттің қазіргі жағдайын бағалау:

Глазго шкаласы бойынша пациенттің ес-түссіз жағдайын бағалау:
Пациент жағдайының ауырлық дәрежесі:
Тыныс алуы:
Өкпені жасанды желдету түрі:
Вентиляция режимдері:

Өмірлік маңызды көрсеткіштер:

Дене қызуы
Тыныс алу жиілігі
Жүректің жиырылу жиілігі
Артериялық қысым
Оттегі сатурациясы
Оксигенация қажеттілігі

Қосымша ақпарат

1. Эпидемиологиялық анамнезі:

2. Пациенттің іс-әрекеті алаңдатарлық па

3. Қажет болған жағдайда пациент ұшақтағы арқасы бар орындықты тік қалыпта отыра ала ма

4 Әуе кемесінде пациент өз еркімен өз-өзіне қызмет көрсете ала ма (оның ішінде тамақ ішу, дәретханаға бару және тағы сол сияқты)

5 Пациент қандай ұйымға жіберілді?
Елдімекен:
Медициналық ұйымның атауы:

7. Қосалқы аурулар / арнайы терапияны талап ететін пациенттің жай-күйі (қолданылатын препараттар: инсулин, гипотензивті препараттар)

Санитариялық авиация бөлімшесі дәрігерінің деректері

Өңір, медициналық ұйымның мекенжайы:
Санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші- дәрігерінің Т.А.Ә.(бар болса):
Телефон:

  Санитариялық авиация
нысанындағы медициналық
көмекті ұсыну қағидаларына
2-қосымша

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы/санитариялық авиация бөлімшесінің жабдықтары мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі

      1. Медициналық жабдықтар стационарлық, мобильдік немесе аралас болуы мүмкін.

р/с№

Жабдықтардың атауы

Жабдықтар және материалдар

Саны

1

Жалпы жинақ

Фонарь
Байланыс құралы (рация)
Қайшы
ЭКГ арналған жақпа гель
Инфузияға арналған штатив

1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана

2

Триаж (іріктеу) – жүйесінің диагностикасы

Триаж/іріктеу кезіндегі пациенттерге арналған ұяшықтар
Стетоскоп/ Фонендоскоп
Тонометр
Термометр
Сантиметрлік лента
Пульсоксиметр
№50 скарификатормен жиынтықтағы глюкометр
Несептік катетер
Неврологиялық балға

1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана

3

Реанимация

Электрлік сорғы
Өкпенің жасанды желдеткіш аппараты
Ларингеалдық маска (балаларға,үлкендерге)
Оттегі баллоны 10л, 2л
Кардиопамп
Бұғана асты веналарын катетерлеуге арналған жиынтық
Амбу қабы
Ауа жібергіштер жиынтығы
Насосы бар механикалық сорғыш
Ересектерге арналған резеңке демалу маскасы
Жиынтықтағы ларингоскоп (3 клинка)
Эндотрахеальды түтіктер
Ауызкергіш
Тілқышқаш
Медициналық көмектің жиналмалы сөмкесі
Нәрестелерді тасымалдауға арналған кувез Кувез
Зәрсауыт
Күйікке қарсы көрпе

1 дана
1 дана
2 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана

1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана

4

Кардиологиялық аурулары бар пациенттерге көрсетілетін қызметтер

Дефибриляторы бар монитор
Электрокардиограф
Кардиостимулятор

1 дана
1 дана
1 дана

5

Жараларды, оның ішінде күйіктерді алғашқы өңдеу

Дәкелер
Стерильді шариктер, салфеткалар
Лейкопластырь
Қан тоқтатқыш жгут
Күйікке қарсы жинақ
Сыртқа пайдалануға арналған күйікке қарсы заттар: гель, аэрозоль

3 дана
1 қорап
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана

6

Жарақаттар кезінде пациенттерге көмек көрсету

Арқаға арналған бекіту белбеулері бар қалқан
Қатты мойын ұстағышы
Сынықтар кезінде жоғарғы және төменгі бөліктерді иммобилизациялау құралдары (жиынтықтағы қатаң шиналар,
жиынтықтағы пневматикалық жүйелер
Вакуумды матрас
Салқындатқыш пакет

1 дана
1 дана
5 дана
4 дана
1 дана

7

Бронх обструкциясы кезіндегі көмек

Компрессорлы ингалятор
Коникотомды жиынтық

1 дана
1 дана

8

Акушерлік және неонаталдық қызметтер

Босандыру пакеті

1 дана

9

Шокқа қарсы көмек көрсетуге арналған медициналық кұрал-жабдықтар

Инфузионды шприцті сорғыш
Перфузор

1 дана
1 дана

13

Асқазанды жууға арналған жабдақтар

Жанэ бір реттік пайдаланатын шприц
Барлық өлшемдердегі бір реттік пайдаланатын асқазан зонды .

1 дана
2 дана

14

Бұғанаасты катетерлеуге арналған жабдықтар (бір реттік пайдаланатын)

8FХ 20 екі арналы катетер
Дилататор, өткізгіш
Ине, шприц 10 мл.
Скальпель

4 дана
4 дана
2 дана
1 дана

      2. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы/санитариялық авиация бөлімшесінің дәрі-дәрмектерінің ең төмен тізбесі

АХЖ коды

Фармакологиялық топ/ Халықаралық патенттелмеген атауы

Дәрілік түрі

Өлшем бірлігі

A

Асқазан жолы және зат алмасу


A03

АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар


A03A

Ішек функциялары бұзылыстары кезінде қолданылатын препараттар


A03AD

Папаверин және оның туындылары


A03AD02

Дротаверин

2 мл инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/2 мл

ампула

A03B

Итжидек және оның туындылары


A03BA

Инжидек алкалоидтары, үштік аминдер


A03BA01

Атропин сульфаты

1 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді

ампула

A03F

АІЖ моторикасының ширатқыштары


A03FA01

Метоклопрамид

2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%

ампула

B01AB

Гепарин және оның туындылары


B01AB01

Натрий гепарині

құты

B02B

K дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар


B02BX

Жүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар


B02BX01

Этамзилат

2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5%

ампула

B05

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер


B05A

Қан препараттары


B05AA

Қан плазмасы препараттары және плазма алмастыратын препараттар


B05AA06

Сукцинилирленген желатин

500 мл инфузияға арналған ерітінді, 4%

құты

B05AA07

Гидроксиэтилкрахмал (пентакрахмал)

500 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%

құты

B05B

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді


B05BB

Су-электролит теңгеріміне әсері бар ерітінділер


B05BB01

Натрий хлориді

5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9%

ампула

B05C

Ирригациялық ерітінділер


B05CB

Тұзды ерітінділер



B05CB01

Натрий хлориді

200, 250, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9%

құты

B05CX

Басқа да ирригациялық ерітінділер


B05CX01

Глюкоза

200 мл 5% инфузияға арналған; 5 мл 40% инъекцияға арналған ерітінді

құты
ампула

B05X

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар


B05XA

Электролитті ерітінділер


B05XA05

Магний сульфаты

5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 25%

ампула

C01B

І және ІІІ санатының аритмияға қарсы препараттары


С01ВВ

ІВ санатының аритмияға қарсы препараттары


C01BD

ІІІ санатының аритмияға қарсы препараттары


C01BD01

Амиодарон

150 мг/3 мл вена ішілік инъекцияға арналған ерітінділер

ампула

C01C

Жүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препараттар


C01CA

Адренергетиктер мен допаминомиметиктер


C01CA04

Допамин

5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4%

ампула

C01CA24

Эпинефрин

1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %

ампула

C01D

Жүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер


C01DA

Органикалық нитраттар


C01DA08

Изосорбид динитраты

1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентрат
тіл астына арналған дозаланған спрей 1,25 мг/доза, 15 мл

ампула/құты

C01E

Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар


C01EA

Простагландиндер


С01EA01

Алпростадил

20 мкг/мл инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат


C02

Антигипертензиялық препараттар


C02C

Перифериялық антиадренергиялық препараттар


C02CA

Альфа-адреноблокаторлар


C02CA06

Урапидил

5 мг/мл 5 мл тамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді

ампула

C03

Диуретиктер


C03C

"Ілмек" диуретиктер


C03CA

Сульфонамидті диуретиктер


C03CA01

Фуросемид

2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%

ампула

C07

Бета-адреноблокаторлар


C07A

Бета-адреноблокаторлар


C07AB

Селективті бета-адреноблокаторлар


C07AB02

Метопролол

1 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітінді

ампула

C09

Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препараттар


C09A

Ангиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары


C09AA02

Эналаприл

1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді

ампула

D

Дерматология



D03

Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар


D08

Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар


D08AG

Йод препараттары


D08AG03

Йод

құты

D08AX

Басқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар


D08AX

Бриллиант жасылы

құты

D08AX01

Су тетігінің асқын тотығы

40 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 3%

құты

D08AX08

Этанол

50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70%

құты

H

Жыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар


H01

Гипоталамус және гипофиз гормондары және олардың аналогтары


H01B

Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары


H01BB

Окситоцин және оның аналогтары


H01BB02

Окситоцин

5 БІР/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді

ампула

H02

Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар


H02A

Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар


H02AB

Глюкокортикоидтар


H02AB06

Преднизолон

30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді

ампула

M

Сүйек-бұлшықет жүйесі


M01

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар


M01A

Стероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар


M01AB

Сірке қышқылы туындылары


M01AB05

Натрий диклофенагы

75 мг/3 мл 3 мл венаішілік және бұлшық етке енгізуге үшін

ампула

M01AE

Пропион қышқылының туындылары


M01AE01

Ибупрофен

100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензия

құты

M01AE03

Кетопрофен

100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді;

ампула

M03

Миорелаксанттар



M03A

Шетке әсер ететін миорелаксанттар


M03AB

Холин туындылары



M03AB01

Суксаметоний хлориді

0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітінді

ампула

M03AC

Басқа да төрттік аммони қосылыстары


M03AC06

Пипекуроний бромиді

4 мг ішке енгізуге арналған ерітіндіні дайындайтын лиофилді ұнтақ

құты

N

Нерв жүйесі


N01

Анестетиктер


N01A

Жалпы анестезияға арналған препараттар


N01AH

Апиындық анальгетиктер



N01AH01

Фентанил

2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,005%

ампула

N01AX

Жалпы анестезияға арналған басқа да препараттар


N01AX10

Профол

10 мг/мл 20 мл тамыр ішіне енгізуге арналған эмульсия

ампула

N01B

Жергілікті анестезияға арналған препараттар


N01BA

Аминобензол қышқылы эфирлері


N01BA02

Прокаин

5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%

ампула

N01BB

Амидтер


N01BB02

Лидокаин

2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%

ампула

N02

Анальгетиктер


N02A

Апиындар


N02AA

Апиынның табиғи алкалоидтары


N02AA01

Морфин

1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%

ампула

N02AB

Фенилпиперидиннің туындылары


N02AB

Тримеперидин

1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%

ампула

N02AX

Басқа да апиындар


N02AX02

Трамадол

2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 %

ампула

N02B

Анальгетиктер және антипиретиктер


N02BE

Анилидтер


N02BE01

Парацетамол

тік ішек суппозиториилері 80 мг,100 мг,250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 мл

суппозитории
суспензия

N03

Эпилепсияға қарсы препараттар


N03AG

Май қышқылдарының туындылары


N03AG01

Вальпров қышқылы

100 мг/мл 5мл инъекцияға арналған ерітінді

ампула

N05

Психолептиктер


N05B

Анксиолитиктер



N05BA

Бензодиазепин туындылары


N05BA01

Диазепам

5 мг/мл 2 мл бұлшықет және тамыр ішілік инъекцияға арналған ерітінді

ампула

R

Тыныс алу жүйесі


R03

Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар


R03A

Тамақты булауда қолдануға арналған симпатомиметиктер


R03AC

Селективті бета-2-адреномиметиктер


R03AC02

Сальбутамол

100 мкг/мөл. 200 мөл. тамақты булауға арналған аэрозоль

құты

R03AL

Кортикостероидтармен үш еселелік біріктірілімдерді қоса, антихолинергиялық препараттармен біріктірілген симпатомиметиктер


R03AL01

Фенотерол мен Ипратропий бромиді

20 мл булауға арналған ерітінді

R03D

Жүйелі пайдалануға арналған бронх демікпесін емдейтін басқа да препараттар


R03DA

Ксантин туындылары


R03DA05

Аминофиллин

инъекцияға арналған ерітінді, 2,4%

ампула

R06

Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар


R06AA

Аминоалкилді эфирлер


R06AA02

Дифенгидрамин

1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%

ампула

R06AC

Алмастырылған этилендиамин


R06AC03

Хлоропирамин

2 % 1 мл инъекцияға арналған ерітінді

ампула

R07

Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар


R07AB

Аммиак

флакон

V

Басқа да препараттар


V03

Басқа да әртүрлі препараттар


V03AB

Антидоттар


V03AB06

Натрий тиосульфаты

10 мл инъекцияға арналған ерітінді, 30%

ампула




Дата вступления в силу:  18.01.2018
Дата изменения акта:  20.11.2019
Дата принятия акта:  11.12.2017
Информация об официальном опубликовании акта:  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 01.02.2018 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103010000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  118164
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  933
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  024000000000
Форма акта:  ПРАВ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz