"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқаруш

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 426 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қаңтарда № 16174 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қазанда "Егемен Қазақстан" № 240 (28179) газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізудің мақсаты халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемкорпорация), Бірыңғай байланыс-орталығына қызмет берушілерге жолдануы кезінде қызмет алушыларды тиісті ақпараттандыру болып табылады.

            3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемкорпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ);

      2) ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесі – ХҚКО ЫАЖ-да мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны.

            Осы Қағидада қолданылған басқа ұғымдар мен қысқартулар "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада қолданылады.";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді ХҚКО ЫАЖ-ға енгізу тәртібі";

            4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет берушіде мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі жөнінде ХҚКО ЫАЖ-ға деректер енгізу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер есебі жүргізілетін ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда, қызмет беруші Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13244 болып тіркелген) "Электрондық үкімет" шлюзінің, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларында белгіленген тәртіппен өзінің ақпараттық жүйесін ХҚКО ЫАЖ-мен ықпалдастыру жүргізеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер стандартымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсетуді орындау мерзімдерін орталық мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен, аумақтық бөлімдерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, қызмет берушілермен бұзушылықтар саны туралы ХҚКО ЫАЖ арқылы талдамалық есеп береді. Талдамалық есепте мемлекеттік қызметті көрсетудің бекітілген мерзімін бұзушылық саны, мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер бөлігіндегі бұзушылық мерзімі, оның ішінде техникалық себептерге байланысты мерзімінің бұзушылықтары ("Ұлттық ақпараттық технологиялар" Акционерлік қоғамымен сүйемелдеген ақпараттық жүйелерінің іркілістері) көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіге енгізу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
Министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері

      және сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы

      _______________ А. Шпекбаев

      2017 жылғы "____" _________