"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 319

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 2017 жылғы 23 қарашадағы № 17-1/300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 16075 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12858 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде ағаш кесудің барлық түріне (өтiмдi қоқырсуды жинаудан және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны демаркациялау шебінде соқпақтарды шабудан басқа) осы Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынсын";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағазға басылған және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті
төрағасының міндетін атқарушы
Қ. Үстеміров