"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Мемлекеттік аудит объектісі Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12257 тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген мерзімде мемлекеттік аудит жүргізілетіні туралы хабардар етіледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Тиімділік аудитін жүргізудің қажеттілігін ескеретін Перспективалық жоспарға сәйкес, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі қалыптасады.";
35-тармақтың 5) тармақшасына орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
75-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Аудиторлық іс-шараларды жүргізуге сарапшыларды тарту Қағидаларға және тиісті Стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.";
97, 98, 99, 100-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"97. Аудиторлық есепке анықталған бұзушылықтар және (немесе) кемшіліктер, мемлекеттік аудит саласындағы немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі оң жетістіктер енгізіледі.
98. Тиімділік аудитінің қорытындылары бойынша Аудиторлық қорытындыда, Нұсқамаларда қамтылған ұсынымдардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру сыртқы мемлекеттік аудит органдарының тиімділік аудитінің қорытындылары бойынша тұжырымдалған ұсынымдарын және нұсқамаларын мемлекеттік аудит объектілерінің орындауын қадағалау және бағалау жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдер болып есептеледі.
99. Мемлекеттік аудит объектісіне нұсқаманы, Аудиторлық қорытындыны және Жиынтық тізілімді немесе аудиторлық қорытындыдан және Жиынтық тізілімнен үзінді көшірмені бергеннен кейін ұсынымдар мен нұсқаманың орындалуын бақылау мемлекеттік аудит объектісінің басшысына жүктеледі.
100. Тиімділік аудитінің қорытындылары:
1) Есеп комитеті немесе Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің Қағидалардың 249-тармағында көзделген іс-шараларды тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асыруы;
2) Тиімділік аудитінің бағдарламасына мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауы жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу;
3) мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды тиісінше орындауын растау мақсатында аудиторлық дәлелдемелерді жинау жөніндегі аудиторлық іс-шараны жүргізу арқылы іске асырылады.";
102, 103, 104-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Тиімділік аудитінің қорытындыларын іске асыру жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді жүргізуге тиімділік аудитін жүргізуге тікелей қатысқан мемлекеттік аудиторлар және (немесе) сыртқы мемлекеттік аудит органдарының басқа да мемлекеттік аудиторлары тартылады.
103. Сыртқы мемлекеттік аудит органының Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдардың қаралуына, Нұсқамаларының орындалуына мониторингті және талдауды жүзеге асыру Қағидаларға сәйкес тұрақты және жүйелі түрдегі негізде жүргізіледі.
104. Аудит бағдарламасына мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауын бағалау жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу тәсілін қолдану кезінде мемлекеттік аудит объектісіне жолданған барлық немесе жекелеген ұсынымдар қадағаланады.";
105, 106, 107-тармақтар алып тасталсын;
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Мемлекеттік аудит объектісі Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12257 тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген мерзімде мемлекеттік аудит жүргізілетіні туралы хабардар етіледі.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Аудиторлық іс-шараларды жүргізуге сарапшыларды тарту Қағидаларға және тиісті Стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.";
73, 74-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Сәйкестік аудитінің қорытындылары бойынша Аудиторлық қорытындыда, Нұсқамаларда қамтылған ұсынымдардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сәйкестік аудитінің қорытындылары бойынша тұжырымдалған ұсынымдарын және нұсқамаларын мемлекеттік аудит объектілерінің орындауын қадағалау және бағалау жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдер болып есептеледі.
74. Мемлекеттік аудит объектісіне нұсқаманы, Аудиторлық қорытындыны және Жиынтық тізілімді немесе аудиторлық қорытындыдан және Жиынтық тізілімнен үзінді көшірмені бергеннен кейін ұсынымдар мен нұсқаманың орындалуын бақылау мемлекеттік аудит объектісінің басшысына жүктеледі.";
75-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Есеп комитеті немесе Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің Есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 249-тармағында және Қағидалардың 227-тармағында көзделген іс-шараларды тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асыруы;";
76, 77, 78, 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Сыртқы мемлекеттік аудит органдары белгілі бір уақыт аралығында жүргізілген сәйкестік аудитінің қорытындылары бойынша қалыптастырылған ұсынымдарды мемлекеттік аудит объектілерінің орындауы жөніндегі аудиторлық іс-шараны мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде жүргізеді.
77. Сәйкестік аудитінің қорытындыларын іске асыру жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді жүргізуге сәйкестік аудитін жүргізуге тікелей қатысқан мемлекеттік аудиторлар және (немесе) сыртқы мемлекеттік аудит органдарының басқа да мемлекеттік аудиторлары тартылады.
78. Сыртқы мемлекеттік аудит органының Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдардың қаралуына, Нұсқамаларының орындалуына мониторингті және талдауды жүзеге асыру Қағидаларға сәйкес тұрақты және жүйелі түрдегі негізде жүргізіледі.
79. Аудит бағдарламасына мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауын бағалау жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу тәсілін қолдану кезінде мемлекеттік аудит объектісіне жолданған барлық немесе жекелеген ұсынымдар қадағаланады.";
80, 81, 82-тармақтар алып тасталсын.
2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы |
Н. Әбдібеков |