"Банкроттық рәсімін және оңалту рәсімін жүргізуде тексеру парақтары нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 487 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 93 бі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 399 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 283 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15423 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Банкроттық рәсімін және оңалту рәсімін жүргізуде тексеру парақтары нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 487 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 93 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9983 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдануын;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________Б. Сұлтанов
Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика министрі_______________Т. Сүлейменов