"Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиhазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына толықтырулар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 тамызда № 15413 болып тіркеледі.

      1. "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиhазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" Ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 наурызда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиhазбен жарақтандыру нормаларында:

      "Бастауыш білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы "Білім алушылардың жеке пайдалануы үшін жабдықтар" деген кіші бөліммен толықтырылсын:

      "

Білім алушылардың жеке пайдалануы үшін жабдықтар

477

Оқулықтар, ауыстыратын аяқ киімін және спорттық құралдарын сақтауға арналған жеке шкаф

дана

25

                                                                              ";

      "Негізгі орта білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы "Білім алушылардың жеке пайдалануы үшін жабдықтар" деген кіші бөліммен толықтырылсын:

      "

Білім алушылардың жеке пайдалануы үшін жабдықтар

1157

Оқулықтар, ауыстыратын аяқ киімін және спорттық құралдарын сақтауға арналған жеке шкаф

дана

25

                                                                              ";

      "Жалпы орта білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы "Білім алушылардың жеке пайдалануы үшін жабдықтар" деген кіші бөліммен толықтырылсын:

      "

Білім алушылардың жеке пайдалануы үшін жабдықтар

1198

Оқулықтар, ауыстыратын аяқ киімін және спорттық құралдарын сақтауға арналған жеке шкаф

дана

25

                                                                              ".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (З.Ә. Мақсұтова) Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде кейінгі мерзімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев