"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 шілдеде № 15327 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Уәкілетті орган ЖЭК-ті орналастыру жоспары жобаларының тізімін қалыптастырған кезде басым тәртіпте оған мыналарды қосады:

      1) олар бойынша ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу бойынша шарттар жасалған, уәкілетті органның ЖЭК-ті орналастыру жоспарын бекіту күніндегі жағдай бойынша пайдалануға енгізілмеген ЖЭК-ті пайдалану объектілерін салу жөніндегі жобалар;

      2) қолданыстағы ЖЭК-ті пайдалану объектілері;

      3) ЖЭК-ті пайдалану объектілерін салу жөніндегі жобалары, олар бойынша:

      Жобаның мәлімделген құнынан 30%-дан кем емес сомасында өтініш берушінің жеке қаражаты бар туралы банктен кепілдік хат;

      ЖЭК объектісін электр желілеріне қосуға техникалық шарттар беріледі.

      Осы тармақшада көрсетілген ЖЭК-ті пайдалану объектілерін салу жөніндегі жобалардың белгіленген жиынтық қуаты ЖЭК объектілерінің барынша рұқсат етілген қуатынан 25%-ға аспауы тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрi

      Т. Сүлейменов ___________

      2017 жылғы "__" _________