2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "2017 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13883 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Дәрілік заттар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 90-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" | 90 | J07BC01 | "В" вирусты гепатитіне қарсы вакцина (ВВГ), рекомбинантты **** | құтыдағы бұлшық етке енгізуге арналған суспензия, 1,0 мл-ден немесе құтыда 2 бала дозасында шығарылады. Вакцина шығару бойынша өндірісті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттайды | доза | 420,0 | "; |
реттік нөмірі 182-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" | 182 | L01DB01 | Доксорубицин | инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ, 50 мг /инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 2 мг/мл, 25 мл | құты | 2 646,00 | "; |
реттік нөмірі 228-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" | 228 | A10AE04 | Инсулин гларгин | толтырылған шприц-қаламдардағы 3 мл-ден 100 бірлік /мл ерітінді | катридж-/шприц- қалам | 3 040,64 |
"; |
реттік нөмірі 248-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" | 248 | L03AB08 | Интерферон бета-1b | еріткіші бар жиынтықтағы тері астына енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін лиофилизат, 0,3 мг (9,6 млн. МЕ) | құты | 20 136,1 | "; |
реттік нөмірі 422-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 496-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" | 496 | J04AD01 | Протионамид | таблетка, 250 мг | таблетка | 20,4 | "; |
"Медициналық мақсаттағы бұйымдар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 180-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" | 180 | - | Қандағы глюкозаны анықтауға арналған тест жолақтар**** | № 50 тест жолақтар + кодсыз, қан алуға арналған жеке құралмен және бір рет пайдаланылатын ланцетпен жиынтықталған, электрохимиялық глюкометр, сауыты бар/10 қаптамаға арналған + глюкозаның соңғы ерітіндісі | дана | 2183,65 | "; |
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |