24.04.2017

"Жүк тасымалдаумен байланысты тасымалдау үдерісін, операцияларды жүзеге асыру, құжаттарды ресімдеу және актілерді жасау, арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізуді жоспарлаудың технологиясы мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік жән

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жүк тасымалдаумен байланысты тасымалдау үдерісін, операцияларды жүзеге асыру, құжаттарды ресімдеу және актілерді жасау, арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізуді жоспарлаудың технологиясы мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 10 желтоқсандағы № 726 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7364 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 5, 19, 23 маусымда және 10, 24, 28 тамызда № 292-297, 330-335, 339-345, 489-494, 546-550, 557-561 (27371, 27409, 27419, 27567, 27623, 27634) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек


Дата вступления в силу:  11.05.2017
Дата изменения акта:  24.04.2017
Дата принятия акта:  24.04.2017
Информация об официальном опубликовании акта:  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 26.05.2017 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103035000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  112211
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  231
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  009000000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz