"Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15044 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6213 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2010 жылғы 14 тамыздағы № 330-331 (26174) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын көтермелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің көтермелеу жүйесі бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі - Көтермелеу жүйесі) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 33) тармақшасы негізінде, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын (бұдан әрі - еңбек ұжымдары) көтермелеу мақсатында әзірленді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынылатын қызметкерлерге нақты сіңірген еңбегін көрсете отырып, осы Көтермелеу жүйесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныс ресімделеді.

      Еңбек ұжымдарын марапаттау кезінде осы Көтермелеу жүйесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныс ресімделеді.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесіне 1-қосымша";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесіне 2-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі бір данасын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов