09.03.2017

Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыптаушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 95-47) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 9 наурыздағы
№ 166 бұйрығымен
бекітілген

Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды (бұдан әрі – күдіктілер мен айыпталушыларды күзету) ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Уақытша ұстау изоляторларында (бұдан әрі – УҰИ) ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру өзіне:

      1) күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуге шешім қабылдау;

      2) күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі міндеттерді орындау үшін күштер мен құралдарды дайындау;

      3) күдіктілер мен айыпталушыларды күзету;

      4) күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметтің ұйымдастырылуын және атқарылуын бақылау кіреді.

      3. Күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылдау және күзету "Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14619 болып тіркелген).

      4. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзету үшін УҰИ бастығы (немесе оның міндетін атқаратын адам) УҰИ күзету жөніндегі бекеттер мен жасақшаларды тағайындайды.

      5. УҰИ күзету жөніндегі бекеттер мен жасақшалардың саны мен түрлері, оларды орналастыру және шығушылардың саны осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша УҰИ күзету жөніндегі бекет табелімен айқындалады, оларды УҰИ бастығы (не оның міндетін атқаратын адам) жасайды және ішкі істер органдарының бастығы бекітеді. Күзету бекеттері екі түрге бөлінеді: сыртқы күзет бекеттері және ішкі күзет бекеттері.

      6. УҰИ күзету жөніндегі жасақшаға:

      1) кезекші;

      2) сыртқы күзет бекетшілері;

      3) ішкі күзет бекетшілері;

      4) алып шығушылар кіреді.

      7. Сыртқы күзет бекеттері:

      5) бас қақпа жанына;

      6) қосалқы қақпа жанына;

      7) қоршау периметрі мен аумақты күзету жөніндегі жылжымалы бекеттер;

      8) серуендеу аулаларында, алаңдарында қойылады.

      8. Ішкі бекеттер күдіктілер мен айыпталушыларды күзету және олардың мінез-құлқын бақылау үшін камералар орналасқан дәліздерде, есіктер және шыға берістерде орнатылады.

      9. Алып шығушы күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу кабинеттеріне, кездесу бөлмелеріне, медициналық қызметкерге немесе УҰИ-дің басқа да үй-жайларына алып барады. УҰИ-да ұсталатын адамдарды камералардан серуенге, куәландыруға немесе тексеруге кезекпен шығаруды жүзеге асырады.

      10. Ішкі бекеттердегі бекет күзетшілері мен алып шығушылар қызметті қарусыз атқарады. Күзету жөніндегі сыртқы бекеттің бекет күзетшісі тапаншамен немесе автоматпен қаруланады.

2-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуге шешім қабылдау

      11. УҰИ бастығының (не оның міндетін атқаратын адамның) күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуге арналған шешімі күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуге негіз болып табылады.

      12. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзету шешіміне міндеттердің көлемі мен күрделілігі, сондай-ақ жағдайды бағалау кіреді.

      Бұл ретте:

      1) УҰИ-да ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар контингентінің саны мен ерекшеліктері, олардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамында ауыр қылмыстар жасауда күдіктілер мен айыпталушылардың, бұрын сотталғандардың (оның ішінде күзеттен қашқаны үшін), кәмелетке толмағандардың бар-жоғы;

      2) УҰИ-дің және арнайы көлік құралдарының техникалық сипаттамасы, оның ішінде орындар лимиті, камералар саны, олардың қашуды болдырмайтын жабдықтармен жарақталуы, жабдықтың, байланыс және сигнализация құралдарының жай-күйі, УҰИ-да ұстау мерзімі, күдіктілер мен айыпталушыларды басқа уақытша ұстау орындарында күзету шарттары;

      3) жеке құрамның жасақталуы және олардың кәсіби даярлығының деңгейі;

      4) күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметті атқару ауданындағы қоғамдық тәртіп пен қылмыстылықтың жай-күйі, жыл мезгілі, тәулік уақыты және ауа-райы ескеріледі.

      13. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуге арналған шешімде:

      1) жалпы ұстау, күштер мен құралдардың орналастырылуы, УҰИ күзету жөніндегі жасақшалардың саны мен түрі, қолданысқа енгізілуі және оларды пайдаланылуы;

      2) УҰИ күзету жөніндегі жасақшалардың міндеттері, олардың қызметті атқару орны мен уақыты, олардың даярлығы, қару-жарағы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;

      3) ақпараттың таралуына және ерекше маңызы бар қылмыстық істер бойынша аса қауіпті қылмыскерлердің санкцияланбаған байланыстарына жол бермеу мақсатында күдіктілер мен айыпталушыларды күзетудің қосымша бекеті айқындалады.

3-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі міндеттерді орындау үшін күштер мен құралдарды дайындау

      14. УҰИ күзету жөніндегі жасақшаларды күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметті атқаруға дайындау күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуге шешім қабылдағанға дейін жүргізіледі.

      15. УҰИ күзету жөніндегі жасақшаға тағайындалған қызметкерлер УҰИ орналасқан жерге нұсқама алу үшін сапқа тұрардан он бес минут бұрын келеді. Өздерінің келгені туралы олар УҰИ бастығына (не оның міндетін атқаратын адамға) баяндайды.

      16. Ішкі істер органдарының кезекшісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекет ведомосіне қызметкерлердің келуін белгілейді, оларға қару және оқ-дәрілер, техникалық құралдар, жарақтар мен қызметтік құжаттар береді.

      17. Қару, оқ-дәрілер, техникалық құралдар мен жарақтар карточка-алмастырғыштарды ұсынғаннан кейін беріледі. УҰИ күзету жөніндегі жасақша жауынгерлік патрондармен әрбір тапанша мен автоматқа екі оқталған оқжатар есебімен қамтамасыз етіледі.

      18. Қару мен оқ-дәрілерді оқтау, оқсыздандыру, қарап тексеру, тазалау және тапсыру арнайы бөлінген және жарықтандырылған орында, ішкі істер органы кезекшісінің бақылауымен УҰИ күзету жөніндегі жасақшаны нұсқама алу үшін сапқа тұрғызар алдында тікелей жүргізіледі.

      19. Нұсқама аяқталғаннан кейін УҰИ күзету жөніндегі жасақшаға қызметке кірісу туралы бұйрық беріледі.

      20. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметтік уақыт нұсқама өткен сәттен басталады және қызмет атқару кезінде қарамағында УҰИ күзету жөніндегі жасақша бар ішкі істер органы кезекшісінің рұқсаты бойынша кезекті ауысымға кезекшілікті тапсырғанға дейін жалғасады.

      УҰИ күзету жөніндегі жасақшаға полиция қызметкерлері бекітілген кесте бойынша тағайындалады.

4-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзету

      21. УҰИ күзету жөніндегі жасақша УҰИ күзетуді, ішкі және сыртқы бекеттерде қызмет атқаруды, тәртіпті сақтауды және күдіктілер мен айыпталушыларды оқшаулауды қамтамасыз етуді, қашуларға, төтенше оқиғалар мен жағдайдың шиеленісуіне жол бермеуді, жеткізілген және кететін күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдауды және ресімдеуді, оларға жеке тінту жүргізуді, күдіктілер мен айыпталушыларды УҰИ шегінен тыс айдауылдауды, күзеттің техникалық құралдарын техникалық қарап тексеруді, күзету мен қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді.

      22. УҰИ күзету жөніндегі жасақшаға қызмет атқару кезінде бекетті өз бетімен тастап кетуге, қызмет атқарудан ауытқуға, күдіктілермен және айыпталушылармен қызметтік қажеттілік болмаса сөйлесуге, УҰИ-да интернет модульдермен, фото, бейнекамералармен жарақталған мобильді байланыс құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      23. Кезекші УҰИ күзету жөніндегі жасақшаға жедел басшылық етуді жүзеге асырады және:

      1) ауысатын кезекшімен бірлесіп, УҰИ бастығына (не оның міндеттерін атқаратын адамға) кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы, бұл ретте осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кезекшілікті қабылдау-тапсыру кітабына белгі жасай отырып, анықталған кемшіліктер мен оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы баяндайды;

      2) бекет күзетшілерін күндізгі уақытта кемінде үш-төрт рет және түнгі уақытта бес-алты рет ауыстырады, УҰИ күзету жөніндегі жасақшаның қызмет атқаруын, бекет күзетшілері мн алып шығушылардың өздерінің міндеттерін білулерін, олардың жабдық-тұрманын тексереді, УҰИ күзету жөніндегі жасақшаны күшейтілген қадағалауды қажет ететін адамдар туралы ұдайы хабардар етеді, УҰИ жабдықтарының жай-күйін, байланыстың, сигнализациясының және жарық жүйесінің ақаусыз болуын қадағалайды;

      3) төтенше оқиғалардың, жағдайдың және ерекше жағдай режимінің шиеленісуін ескерту үшін күдіктілер мен айыпталушыларға тінту жүргізуді ұйымдастырады, оларға тиесілі заттарды қарап тексеруді және камераларды қарап тексеруді ұйымдастырады, қашуға дайындық туралы әрбір ақпаратты тексереді және бұл ретте қолданылуы мүмкін себептер мен шарттарды жоюға шаралар қабылдайды, күзетті күшейтеді;

      4) УҰИ-ға жеткізілген күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдауды, оларды камералар бойынша орналастыруды жүргізеді, сондай-ақ көрсетілген адамдар босатылған не УҰИ-дан кеткен кезде жеке өзі қатысады, жеке істерді және УҰИ-да ұстаумен байланысты басқа құжаттарды ресімдейді, УҰИ бастығына (не оның міндетін атқаратын адамға) ұстау мерзімінің өткені туралы хабарлайды;

      5) тәуліктің түнгі уақытында электр жарығы болмаған, құлыптардың немесе торлардың ақауы байқалған және ұсталатын адамдарды басқа камераларға ауыстыру мүмкін болмаған және күдіктілердің немесе айыпталушылардың тарапынан суицид жасауға әрекеттенген немесе ниеттенген жағдайларда және басқа да қажетті жағдайларда қосымша уақытша бекеттер белгілейді.

      24. Күдіктілері мен айыпталушылары бар камералар жанындағы ішкі бекеттің бекет күзетшісі кезекшіге және УҰИ бастығына (не оның міндетін атқаратын адамға) тікелей бағынады.

      25. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі бекет күзетшісі серуендеу ауласында бекетке түсер алдында қоршау құрылғыларының, серуендеу ауласының дұрыстығын, оның аумағында шабуыл жасауға немесе қашуға қолданылуы мүмкін заттардың бар-жоғын тексереді.

      26. Сыртқы бекеттің бекет күзетшісі УҰИ ғимаратының терезесін, төбесін және қоршау құрылыстарына тұрақты бақылау жүргізеді. Күдіктілер мен айыпталушылардың күзеттің белгіленген шекарасынан өтуіне және бөгде адамдардың УҰИ-дың аумағына және ғимаратына кіруіне жол бермейді.

      27. Сыртқы бекетте қызмет атқару кезінде қызметтік иттер қолданылады. Бұл ретте ит УҰИ қоршалған аумағында, камералардың және тәуліктің жарық кезінде УҰИ басқа да режимдік үй-жайлары терезелерінің астында тікелей қойылады. Түнде УҰИ қоршалған аумағында қарауыл иттерінің еркін жүріп-тұру тәсілі қолданылады.

      28. Күдіктілер мен айыпталушылардың УҰИ аумағында топталып немесе жеке дара жүруі алып шығушылардың ілесіп жүруімен жүргізіледі.

      29. Қашу және шабуыл жасау кезінде УҰИ күзет жөніндегі жасақша оқиға болған жағдайға арналған жеке құрамның есебіне сәйкес әрекет етеді.

      30. Күдіктіні немесе айыпталушыны емдеу мекемесіне жедел медициналық көмек көрсету үшін жіберген жағдайда сырқатты күзету үшін тәуліктік жұптасқан бекет қойылады.

      31. Жұптасқан бекет кезекшілері тапаншалармен қаруланады, олардың біреуі басшы болып тағайындалады. Медициналық персоналға режим талаптары, емдеу мекемесіндегі күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау шарттары және оларды емханадан шығару мерзімдерін немесе денсаулық жағдайларын жариялауға болмайтыны туралы хабарланады.

      32. Емдеу мекемесіндегі күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі жұптасқан бекет күзетшілері сырқатты палатаға орналастырудан бұрын палатаны қарап тексереді, палатада сырқаттың жанында ұдайы болады, қашуға және оның басқа адамдармен байланысуына жол бермеу мақсатында оның емдеу мекемесінде жүріп-тұруына ілесіп жүреді.

      33. Емдеу мекемесінде күдікті мен айыпталушыға серуендеу емдеуші дәрігердің рұқсатымен беріледі.

      34. Төтенше оқиғалар, жағдайлар шиеленіскен және ерекше жағдайлар режимі жағдайында әрбір УҰИ-да осы Қағиадаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке құрамның тиісті әрекеті ету есебі жасалады, ол ішкі істер органы бастығының нұсқауы бойынша әзірленеді.

      35. Төтенше оқиғалармен байланысты, жағдай шиеленіскен кезде және ерекше жағдайлар режимінде туындайтын міндеттерді шешу үшін ішкі істер органының бастығы резервке арнайы жасақша бөледі және оның құрамын, орналасу орнын және күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметті атқарудың күшейтілген нұсқасын көздетін пайдалану тәртібін айқындайды.

      36. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзетудің күшейтілген нұсқасына:

      1) резервті әзірлікке келтіру, сыртты бекеттерде УҰИ күзету жөніндегі жасақшаларды ұлғайту, барлық жеке құрамды немесе жағдайға қарай оның бір бөлігін казармалық жағдайға көшіру, қызметтік иттерді пайдалану;

      2) қосымша байланыс құралдарын өрістету;

      3) қашу болған жағдайда іздестіру жоспарларын нақтылау, күзеттен қашқан күдіктілер мен айыпталушыларды іздестіру жөніндегі жасақшаларды тағайындау;

      4) УҰИ күзету жөніндегі жасақшалардың қызмет атқаруын, сондай-ақ күдіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, олардың заттарын қарап тексеру, камералар мен УҰИ басқа да үй-жайларын қарап тексеру санын ұлғайту;

      5) күдіктілер мен айыпталушыларды камералардан шығару жағдайларын барынша қысқарту;

      6) УҰИ өткізу режимін күшейту кіреді.

      37. Төтенше оқиғалар, жағдай шиеленіскен және ерекше жағдайлар режимінде күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуге жұмылдырылған УҰИ күзету жөніндегі жасақшаларға оқ-дәрілерді беру нормасы автоматқа жүз жиырма және тапаншаға отыз екі патрон есебімен ұлғайтылады.

      38. Нәтижесінде он жұмыс күні бойы төтенше оқиғаларға және жағдай шиеленісуіне жол берілген не жол берілуі мүмкін күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау, күзету тәртібін бұзудың әрбір фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі.

      Қажет болған жағдайда тергеу мерзімі отыз тәулікке дейін ұзартылады.

      Күдікті немесе айыпталушы бекет кезекшісіне, алып шығушыға немесе басқа да адамдарға шабуыл жасаған кезде өзін-өзі қорғаудың белсенді шаралары қолданылады және тиісті белгі (дауыспен, дабыл сигнализациясымен, телефонмен) беріледі.

      39. УҰИ бастығы (не оның міндетін атқаратын адам), кезекші оқиға орнына келгеннен кейін қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен шабуылдың жолын кесуді және күдіктілер мен айыпталушыларды камераларға қамауды ұйымдастырады.

      40. Шабуыл қауіпті сипатта болған жағдайда (шабуылдаушылар көрші камераларды ашса, УҰИ-дің басқа үй-жайларына кірсе, қаруды алып қойса және т.б.) бұл туралы ішкі істер органы бойынша кезекшіге дереу хабарланады, ол:

      1) жағдайды бағалайды және УҰИ полицияның қосымша жасақшасын жіберу туралы шешім қабылдайды;

      2) болған оқиға туралы ішкі істер органының бастығына (не оның міндетін атқаратын адамға) және жоғары тұрған ішкі істер органының кезекшісіне баяндайды;

      3) қажет болған жағдайда оқиға орнына келеді және УҰИ бастығымен (не оның міндетін атқаратын адаммен), УҰИ кезекшісімен бірлесіп полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне басшылық етеді.

      41. УҰИ-ға сырттан шабуыл жасалған кезде УҰИ бастығы (не оның міндетін атқаратын адам), кезекші бұл туралы ішкі істер органы бойынша кезекшіге дереу хабарлайды және көмек келгенге дейін УҰИ қорғанысына басшылық жасайды.

      42. Қашулардың және басқа да төтенше оқиғалардың және жағдайдың шиеленісуін алдын алу үшін кезекшіге, УҰИ бастығына (не оның міндетін атқаратын адамға) күдіктілер мен айыпталушылардың жеке басын сипаттайтын негізгі мәліметтерді білуі, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамдармен байланыс ұстауы тиіс.

      43. Қашуға, шабуыл жасауға, адамдарды кепілдікке алуға дайындық туралы әрбір расталған хабарлама күдіктілер мен айыпталушылардың жеке істерінде тіркеледі.

      Күшейтілген қадағалауға өзі туралы ойдан шығарылған мәліметтерді хабарлайтын немесе өзін басқалардың атымен атайтын, өтірік ауыратын адамдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға, ұйымдар мен қауымдастықтарға қатысушылар алынады.

      44. УҰИ күзету жөніндегі жасақаша жер сілкінісі кезінде апаттың сипаты мен көлемін, зардап шегушілердің санын және күдіктілер мен айыпталушыларды одан әрі камераларда ұстау мүмкіндігін айқындайды, ол туралы ішкі істер органының кезекшісіне байланыс құралдары бойынша дереу баяндайды.

      45. УҰИ-да ұстау одан әрі мүмкін болмаған жағдайда бекет кезекшілері мен алып шығушылар қамаудан қашуға жол бермеуге шаралар, сондай-ақ күдіктілер мен айыпталушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялау, зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, оқшаулау және өрт сөндіру шараларын қабылдайды.

5-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметтің ұйымдастырылуын мен атқарылуын бақылау

      46. Күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі қызметтің ұйымдастырылуын және атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін тексерістер жүргізіледі, тексерушілер топтарының құрамы, уақыты және орны, олардың әрқайсысының міндеттері, тексерушілерге нұсқама жүргізу, тексеру нәтижелерін ресімдеу және баяндау тәртібі айқындалады.

      47. Тексеріске:

      1) күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуге қабылданған шешімнің осы міндеттерді орындау шарттарына сәйкестігі;

      2) жеке құрамды орналастыру, көлік құралдарын пайдалану;

      3) УҰИ жабдықтарының және арнайы көлік құралдарының жай-күйі;

      4) УҰИ күзету жөніндегі жасақшаларды қызмет атқаруға дайындау, оларды қамтамасыз ету, полиция қызметкерлерінің сыртқы пішіні, олардың өз міндеттерін және осы Қағидалардың басқа да талаптарын білуі, төтенше оқиғалар, жағдай шиеленіскен және ерекше жағдайлар режимі кезінде әрекет ете білуі;

      5) тәртіпті және күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау шарттарын қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындау;

      6) жұмыста заңдылықты сақтау;

      7) УҰИ күзету жөніндегі жасақшалармен байланысу тәртібі, оларды басқару жеделдігі;

      8) УҰИ техникалық және санитарлық жай-күйі;

      9) қызметтің атқарылуын тексеруді ұйымдастыру;

      10) қызметтік құжаттаманы жүргізу жатады.

      48. УҰИ күзету жөніндегі жасақшалардың қызмет атқаруын тексеру жария және жасырын болып табылады.

      49. Жасырын тексеру кезінде күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуді жүзеге асыратын адамдардың әрекетін жасырын бақылау, ал тексеру – УҮИ күзету жөніндегі жасақшаның қызмет атқаруын жария ашық нысанда жүргізіледі.

  Уақытша ұстау
изоляторларында
ұсталатын күдіктілер мен
айыпталушыларды күзетуді
қамтамасыз ету жөніндегі
қызметті атқаруды ұйымдастыру
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
Полиция органының бастығы
____________________________
(атағы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)

Уақытша ұстау изоляторын күзету жөніндегі бекеттер табелі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жасақшаның құрамы,            Күзет неден тұрады            Негізгі міндеттер

      бекеттердің саны мен атауы

      Уақытша ұстау изоляторы

      бойынша кезекші _________________________________________________________________

      Уақытша ұстау изоляторы

      бойынша бекет қызметкері_________________________________________________________

      Алып шығушы (күдіктілер мен

      айыпталушыларды камерадан

      шығару, уақытша ұстау изоляторының

      шегінде ілесіп жүру тергеу кабинеттерінде

      және кездесу бөлмелерінде күзету үшін)______________________________________________

      Байланыс:

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменті

      бойынша кезекші тел.___шақыру белгісі____________________________

      Полиция басқармасы бойынша кезекші тел.______шақыру белгісі ________________

      Аудандық полиция бөлімі бойынша кезекші тел.___шақыру белгісі ________________

     

  Уақытша ұстау
изоляторларында ұсталатын
күдіктілер мен
айыпталушыларды күзетуді
қамтамасыз ету жөніндегі
қызметті
атқаруды ұйымдастыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Бекет ведомосі

      Уақытша ұстау изоляторында күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі

      № _____ ішкі бекеттің №__________________ сыртқы бекеттің

      (ішкі істер органының атауы)

      Бекет күзетшілері: _____________________________________________

      (атағы және тегі)

      Айдауыл құрамы: 1. Айдауыл бастығы (жетекші) _______________________

      (лауазымы, атағы, тегі)

      2. ____________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі)

      3. ____________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі)

      Күзетке тұрған күні және уақыты 20__ жылғы "____" ____________

      ___________________________

      (уақыты)

      Бекет күзетшілері мен айдауылдың қызмет атқаруын тексеру

      ____________________________________________________________________

Тексеру уақыты
(күні, сағаты, - лауазымы, тегі - минуты)

Тексерушінің лауазымы және тегі, аты-жөні (ол болса)

Ескертулер


р/с

Күдіктілер мен айыпталушылардың қозғалысы


Күзетке қабылданған (санаттар бойынша)

Келгені

Кеткені

Қамауға берілгені

      Барлығы:

р/с

Күдіктілер мен айыпталушылардың қозғалысы


Айдалуылдауға қамауға қабылданған (күдіктілер мен айыпталушылардың Т.А.Ә. (ол болса)

Уақытша ұстау изоляторынан, тергеу изоляторынан айдауылданушыларды алу уақыты

Айдауылданушыларды уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына тапсыру уақыты

Айдауылданушыларды сот залынан бостау уақыты

      Барлығы:

      Күзет орнының ауыстырылуы_______

      _________________ бекет күзетшісі ____________ (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) (уақыты)

      _________________ бекет күзетшісі ____________ (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) (уақыты)

      Бекетті қабылдаған ________________________ (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)

      Бекетті тапсырған _______________________ (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)

      Уақытша ұстау изоляторында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылардың түгелдігі,

      тексерген және қабылдаған орган (уақытша ұстау изоляторы) кезекшісі

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)

  Уақытша ұстау
изоляторларында ұсталатын
күдіктілер мен
айыпталушыларды күзетуді
қамтамасыз ету жөніндегі
қызметті атқаруды ұйымдастыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Кезекшілікті қабылдау және тапсыру

      КІТАБЫ

      _________________________________________________________

      (ішкі істер органы)

      Басталуы 20__ жылғы "____" ____________

      Аяқталуы 20__ жылғы "____" ____________

  Уақытша ұстау
изоляторларында ұсталатын
күдіктілер мен
айыпталушыларды күзетуді
қамтамасыз ету жөніндегі
қызметті
атқаруды ұйымдастыру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Уақытша ұстау изоляторы жеке құрамының төтенше оқиғалар, жағдай шиеленіскен кездегі және ерекше жағдайлар режимінде әрекет ету есебі

Лауазымды адамдар және жасақша құрамы

Негізгі міндеттер

шабуыл

қашу

өрт

Өзін-өзі өлтіруге әрекет ету

Басқа да төтенше оқиғалар

Уақытша ұстау изоляторының бастығы






Уақытша ұстау изоляторының кезекшісі






Ішкі бекет күзетшісі






Уақытша ұстау изоляторының ғимараты жанындағы сыртқы бекеттің бекет күзетшісі






Серуендеу ауласындағы бекет күзетшісі






Алып шығушы






  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 9 наурыздағы
№ 166 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 386 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1878 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 5-6, 789-құжат;

      2) "Қызмет атқаруды ұйымдастыру, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 386 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 161 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2783 болып тіркелген);

      3) "Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 386 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 9 қазандағы № 375 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5351 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2008 жылғы 26 қарашадағы № 180 (1580) болып жарияланған);

      4) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 651 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3974 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 13-14 (820) жарияланған).


Дата вступления в силу:  12.04.2017
Дата изменения акта:  05.05.2020
Дата принятия акта:  09.03.2017
Информация об официальном опубликовании акта:  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 19.04.2017 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103003000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  111272
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  166
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  031000000000
Форма акта:  ПРАВ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz