"Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 наурызда № 14884 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген, 2010 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының №10 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Аумақты аймақтарға бөлу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) компартмент – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың, профилактика мен биологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген шаралары қабылданатын бір немесе бірнеше ауру бойынша жекелеген ветеринариялық-санитариялық мәртебеге ие биологиялық қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесі бар бір немесе бірнеше шаруашылықтың жануарлар тобы;

      2) компартменттеу – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын объектілердің биологиялық қауіпсіздігін басқару жүйесін бағалау үшін жүзеге асырылатын рәсім.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Жануарлардың аса қауіпті ауруы тараған (туындаған) жағдайда аумақты аймақтарға бөлуге Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы белгілеген ұсынымдарға, талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын компартментті ескере отырып жол беріледі.

      Компартменттеуді есепке алу кезінде ақпарат аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімде көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Аумақты вакциналанатын саламатты аймаққа және (немесе) вакциналанбайтын саламатты аймаққа бөлуге Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы белгілеген ұсынымдарға, талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын компартментті ескере отырып жол беріледі.

      Компартменттеуді есепке алу кезінде ақпарат аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімде көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов