""Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 37 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы N 44 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда N 4425 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 193 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 14.06.2016 № 193 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ""Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 37 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3707 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      16-тармағының 12) тармақшасы жойылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі А. Кәрімов