"Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 38/208-V шешіміне тол

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 55/307-V шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 24 наурызда № 3655 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 5/19-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 29.06.2016 № 5/19-VI шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 38/208-V "Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2966 тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтардағы "Түркістан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      9 тармақ мынадай редакциядағы 11-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "11-1) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б.Сулейменов
      Қалалық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы Б.Тұрды