Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 198 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3291 болып тіркелген, 2015 жылдың 4 тамызында "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті" деген қосымшасында:
"1. Жалпы ережелер" деген тарауда:
1-тармақтағы "халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі-Орталық)" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтіні бойынша "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық", "Халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер тиісінше, "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорация", "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Е.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
К.Мендебаев |