"Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 205 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 104 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 сәуірде № 3722 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 205 "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3281 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті" деген қосымшасында:
      "1. Жалпы ережелер" деген тарауда:
      1-тармақтағы "халыққа қызмет көрсету орталығымен (бұдан әрі – Орталық)" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде, әскери бөлімдер мен құрылымдардағы қызметін, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы мұрағат анықтамасы немесе олардың болмауы туралы жауап, немесе мұрағаттық құжаттардан куәландырылған мұрағаттық көшірмелер мен үзінділер.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
      Порталда мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген хабарлама беріледі.";
      бүкіл мәтін бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Орталыққа", "Орталық", "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік корпорациямен", "Мемлекеттік корпорацияға" "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияларға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсін.

      Облыс әкімі Б. Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Е.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      С.Тұяқбаев
      К.Мендебаев