Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 344-V "Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 14-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 3510 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 cәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 344-V "Мақат ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3435 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" газетінде 2016 жылы 28 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Қағиданың:
      4 тармағындағы "Атырау облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Мақат аудандық бөлімі" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Мақат аудандық бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5 тармағының 3) тармақшасының 2 абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б. Аманғалиев) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
ІІ сессиясының төрағасы
Г. Саликова
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Исмагулов