"Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қыркүйектегі № 342 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 311 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте N 3893 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 284 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 05.11.2019 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қыркүйектегі № 342 қаулысына (2015 жылғы 21 қазан "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3401 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов