2009 жылғы 20 ақпандағы № 1 "Қарабалық ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қазанда № 6674 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешіміне және "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6547 болып тіркелген) сәйкес, Қарабалық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қарабалық ауылдық округі елді мекендердің құрама бөліктеріне атауларын беру туралы" Қарабалық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-104 тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      4-тармақ алып тасталсын, 1-тармақ келесі мазмұнда 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) Хуторская көшесі;
      13) Зеленая көшесі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       М. Велин