Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 329 "Қамысты ауданының 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2016 жылғы 6 маусымдағы № 32 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 маусымда № 6459 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 29.08.2016 № 248 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 6) тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты iске асыруын қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектер үшiн жұмыс орындары санының үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгiленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ахметов