Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 27 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 маусымда № 6449 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қамысты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6140 тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      2 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы - (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Қостанай облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаментінің Қамысты ауданы бөліміне немесе "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі-портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген).";
      3 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы В. Маркевич
      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Қыстаубаева

      "Қамысты ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін
      атқарушы
      _____________________ А.Мақаева