Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 70 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 6745 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Д. Мункебаев
      Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Кабиев

      КЕЛІСІЛДІ
      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      жер қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _____________ Н. Кушербаев
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік кірістер
      комитеті Қостанай облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ Н. Ахметкалиев

  Мәслихаттың
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 70 шешіміне 1-қосымша

Жітіқара қаласы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері

Аймақ нөмірі

Жердің 1 шаршы метрі үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенті

1

1,8

2

1,5

3

1,2

4

1,0

5

0,8

6

0,6

7

0,5

  Мәслихаттың
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 70 шешіміне 2-қосымша

Мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Мәслихаттың 2005 жылғы 13 маусымдағы № 186 "Аудан жерлері үшін және Жітіқара қаласы бойынша жер салығы мен жер үшін төлемінің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-14 нөмерімен тіркелген, 2005 жылғы 30 шілдеде "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      2. Мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 182 "Мәслихаттың 2005 жылғы 13 маусымдағы № 186 "Аудан жерлері үшін және Жітіқара қаласы бойынша жер салығы мен жер үшін төлемінің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4412 нөмерімен тіркелген, 2014 жылғы 23 қантарда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      3. Мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 395 "Мәслихаттың 2005 жылғы 13 маусымдағы № 186 "Аудан жерлері үшін және Жітіқара қаласы бойынша жер салығы мен жер үшін төлемінің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6178 нөмерімен тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Авангард" газетінде жарияланған).