Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 74 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 наурызда № 6235 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 23.05.2016 № 154 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (2014 жылғы 21 қазанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашасында "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:
      16 тармағының 16-1) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

Е. Жаманов