Әкімдіктің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 және мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 471 "Қостанай облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 5 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 49 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 шілдеде № 6558 болып тіркелді

      "Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 және Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 471 "Қостанай облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" қаулысы мен шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6158 тіркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы қаулы мен шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қостанай облысының әкімі Сессия төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
      ______________ А. Мухамбетов ______________ С. Ещанов