Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 475 "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 39 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 шілдеде № 6548 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 475 "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6151 тiркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:
      11-тармақ мынадай мазмұндағы он сегiзінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақ ұлты өкілдерін наградтау кезінде егер жеке куәлік құжатында тегі, аты, әкесінің аты орыс тілінде көрсетілген жағдайда, қазақ тіліндегі мәтінде қазақ тіліндегі транскрипциясы көрсетіледі.";
      16-тармақ мынадай мазмұндағы он сегiзінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақ ұлты өкілдерін наградтау кезінде егер жеке куәлік құжатында тегі, аты, әкесінің аты орыс тілінде көрсетілген жағдайда, қазақ тіліндегі мәтінде қазақ тіліндегі транскрипциясы көрсетіледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Д. Космухамбетова
      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Ещанов

      Қостанай облысының әкімі
      __________ А. Мұхамбетов