Бейнеу ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №251 "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ай сайынғы ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" қа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қыркүйектегі № 172 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 07 қазанда № 3154 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бейнеу ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №251 "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ай сайынғы ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2935 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтардағы №5-6 "Рауан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін.
      2 тармақтың орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды.
      2. "Бейнеу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О.Наурызбаев) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы К.Машырықов