Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 912 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 352 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 тамызда № 3118 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 633 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 633 қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылдың 15 желтоқсандағы № 912 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 08 қаңтарда № 2931 тіркелген, 2016 жылы 14 қаңтардағы № 2 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Б. Маркашова):
      осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Әбілов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б.Э.Маркашова
      "15" шілде 2016 жыл