"2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 48/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 4/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 07 қыркүйекте № 5592 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сандықтау аудандық мәслихат шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:
      1) Сандықтау аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 29/6 "Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (2015 жылы 2 ақпанда Ақмола облысы Әділет департаментінде № 4622 тіркелген, 2015 жылы 6 ақпанда "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) шешімі.
      2) Сандықтау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 18/2 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (Ақмола облысы Сандықтау ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қазандағы № 1-16-114 тіркелген) шешімі.
      2. Осы шешімге қол қойылғаннан кейін қолданысқа және күшіне енеді.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Джейранов
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
С.Клюшников