Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзг

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі VI сессиясының № 52 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте № 3966 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 05 мамырда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      12 тармақтың үшінші және бесінші абзацтары жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "ауыр материалдық жағдайға байланысты – 13 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін, бір рет;";
      "медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуге (ота) - 15 айлық көрсеткіш мөлшеріне дейін, бір рет;";
      26-2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы №385 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13773 болып тіркелген). ";
      6 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Э. Таттыбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Оспанов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Нұра ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________________Г. Жүпенова

      "09" 09 2016 жыл