"Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің (шегін) шекарасын белгілеу туралы" бірлескен Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/05 қаулысы мен Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 49/535 шешіміне өзгеріс енгізу турал

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 19/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы № 5/45 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 маусымда № 3839 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің (шегін) шекарасын белгілеу туралы" Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/05 қаулысы мен Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 (мәслихат) (әкімдік) желтоқсандағы № 49/535 бірлескен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 14 қаңтарда № 3616 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтардағы № 3 (4106) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, 2016 жылғы 25 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімге қосымша осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
      2. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер–есепке алу құжаттарына қажетті өзгерістер енгізілсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Абай ауданының әкімі С. Шайдаров
      Сессия төрағасы В. Черепанов
      Абай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Цай

  Абай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 19 мамырдағы
№ 19/01 қаулысы мен
Абай аудандық маслихатының
2016 жылғы 19 мамырдағы
5 кезектен тыс сессиясының
№ 5/45 бірлескен шешіміне
қосымша
  Абай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 42/05 қаулысы мен
Абай аудандық маслихатының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
49 кезектен тыс сессиясының
№ 49/535 бірлескен шешіміне
қосымша

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің жер түсініктемесі


Жерлер
Алаңы, га
1
Өнеркәсіп жерлері
6111,9
2
Бақшалық және саяжай құрылысы жерлері
168,0
3
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
168,0
4
Топар су қоймасы демалыс аймақтар жерлері
68,0
5
Аумақтағы тұрғылықты жерлер
354,0
6
Ауыл шаруашылығын пайдалану жерлері
1842,23
 
Барлық жерлер
8712,13