2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 366 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қазанда № 3179 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 7 бабы 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1) тармақшасына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмыспен қамтысын.
      3. Талас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 318 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6-10-123 болып тіркелген, 2011 жылдың 1 қазанында №91 (9170) "Талас тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кадырбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Рысмендиев

  Талас ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 366 қаулысына қосымша

2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
"Талас ауданы әкімдігінің "Игілік" көпсалалы кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорыны
178
3%
5
"Таза қала - Қаратау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
39
2%
1
Барлығы
217
 
6