"Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 1-3 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 03 ақпанда № 3689 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 "Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысы "Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу қағидасын бекiту туралы" басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қосымшаға сәйкес берілген аудан әкімдігінің қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
      Аудан әкімінің міндетін
атқарушы:
Ш. Тлеумағанбетов

  Ойыл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5 қаулысына қосымша

Қолдану күші жойылған аудан әкімдігі қаулыларының тізімі

      1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 114 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 маусымда № 3957 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 маусымда №26 "Ойыл" газетінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында (uil.aktobe.gov.kz) жарияланған);
      2. Ойыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 20 "2015 жылға Ойыл ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 ақпанда № 4195 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 ақпанда № 7 "Ойыл" газетінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында (uil.aktobe.gov.kz) жарияланған);
      3. Ойыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 79 "2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоксанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 4293 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде № 17 "Ойыл" газетінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында (uil.aktobe.gov.kz) жарияланған);
      4. Ойыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 79 "2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоксанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы 25.08.2015 № 191 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 6 қазанда № 4532 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазанда № 41 "Ойыл" газетінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында (uil.aktobe.gov.kz) жарияланған);
      5. Ойыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйек № 211 "Ойыл ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 қазанда № 4531 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда № 42 "Ойыл" газетінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында (uil.aktobe.gov.kz) жарияланған);
      6. Ойыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсан № 277 "Ойыл ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы";
      7. Ойыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйек № 206 "Ойыл ауданы бойынша 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 9 қазанда № 4538 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда № 42 "Ойыл" газетінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында (uil.aktobe.gov.kz) жарияланған)