Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы "Алматы облысының 2016 – 2018 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы" № 51-287 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы облысы мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 57-305 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 24 наурызда № 3757 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Маңғыстау облыс әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 215 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2505 болып тіркеліп, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 13 қазанда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А.К. Рзаханов) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының экономика
      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы
      С.Б. Нарешова
      "17" наурыз 2016 жыл