"Қобда ауылындағы Желтоқсан көшесінің атауын өзгерту туралы" Қобда ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 43 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 215 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 қарашада № 5118 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) -тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 5-тармағына сәйкес, Қобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қобда ауылдық округінің әкімінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 43 мемлекеттік тіліндегі "Қобда ауылындағы Желтоқсан көшесінің атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-76 санымен тіркелген, 2009 жылдың 22 қазанында аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 -бабының 4) -тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қобда елді мекенінің ауыл тұрғындары конференциясының 2009 жылғы 10 тамызындағы хаттамасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қобда ауылдық округінің әкімі Б. Утепов