Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 мамырда № 4921 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 27.07.2016 № 5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 52 ұсынысы негізінде Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қопа ауылдық округінің Ақмола қыстағындағы ірі қара малдарының арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қопа ауылдық округінің әкімі М.Байтақ