Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 5С-43-2 "2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 5617 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақмола облыстық мәслихатының "2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 5С-43-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5147 тіркелген, 2016 жылдың 7 қаңтарында "Арқа ажары" газетінде, 2016 жылдың 7 қаңтарында "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. 2016–2018 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
      1) кірістер – 157 969 320,2 мың теңге, оның ішінде:
      салықтық түсімдер – 17 653 051,5 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер – 2 023 501,6 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 109,7 мың теңге;
      трансферттер түсімі – 138 281 657,4 мың теңге;
      2) шығындар – 157 543 490,0 мың теңге;
      3) таза бюджеттік кредиттеу – 7 488 295,7 мың теңге, оның ішінде:
      бюджеттік кредиттер – 8 382 733,0 мың теңге;
      бюджеттік кредиттерді өтеу – 894 437,3 мың теңге;
      4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 496 671,9 мың теңге, оның ішінде:
      қаржы активтерiн сатып алу - 500 000,0 мың теңге;
      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 3 328,1 мың теңге;
      5) бюджет тапшылығы (профицит) – -7 559 137,4 мың теңге;
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 7 559 137,4 мың теңге.";
      көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
А.Тайшытаев
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

      12.12.2016
      "Ақмола облысының
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Малғаждаров

      12.12.2016

  Ақмола облыстық
мәслихатының
2016 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 6С-7-3 шешіміне
1 қосымша
  Ақмола облыстық
мәслихатының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 5С-43-2 шешіміне
1 қосымша

2016 жылға арналған облыстық бюджет

Санаты

Сома мың теңге

 
Сыныбы
 
 
Ішкі сыныбы
 
 
 

Атаулар

1

2

3

4

5

 
 
 
I. КІРІСТЕР

157 969 320,2

1
 
 
Салықтық түсімдер

17 653 051,5

 
01
 
Табыс салығы

15 908 373,1

 
 
2
Жеке табыс салығы

15 908 373,1

 
05
 
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

1 744 678,4

 
 
3
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

1 744 678,4

2
 
 
Салықтық емес түсiмдер

2 023 501,6

 
01
 
Мемлекеттiк меншiктен түсетiн кiрiстер

68 302,4

 
 
1
Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

4 107,2

 
 
4
Мемлекет меншігіндегі, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер

2 629,6

 
 
5
Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

37 523,9

 
 
6
Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшiн сыйақылар

1 652,8

 
 
7
Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

22 388,9

 
02
 
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

212,0

 
 
1
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

212,0

 
03
 
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

1 241,0

 
 
1
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

1 241,0

 
04
 
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

918 229,7

 
 
1
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар

918 229,7

 
06
 
Өзге де салықтық емес түсiмдер

1 035 516,5

 
 
1
Өзге де салықтық емес түсiмдер

1 035 516,5

3
 
 
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

11 109,7

 
01
 
Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

11 109,7

 
 
1
Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

11 109,7

4
 
 
Трансферттер түсімі

138 281 657,4

 
01
 
Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан алынатын трансферттер

12 868 509,4

 
 
2
Аудандық (қалалық) бюджеттерден трансферттер

12 868 509,4

 
02
 
Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

125 413 148,0

 
 
1
Республикалық бюджеттен түсетiн трансферттер

125 413 148,0

      

Функционалдық топ

Сома

 
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
 
 
Бағдарлама
 
 
 

Атауы

1

2

3

4

5

 
 
 
II. ШЫҒЫНДАР

157 543 490,0

1
 
 
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

2 355 988,8

 
110
 
Облыс мәслихатының аппараты

99 647,2

 
 
001
Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

78 214,2

 
 
003
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

21 433,0

 
120
 
Облыс әкімінің аппараты

926 053,2

 
 
001
Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

793 384,9

 
 
004
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

63 414,0

 
 
007
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

4 100,0

 
 
009
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу

4 751,0

 
 
013
Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету

60 403,3

 
257
 
Облыстың қаржы басқармасы

799 383,4

 
 
001
Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

130 550,0

 
 
009
Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу

2 147,4

 
 
113
Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысалы трансферттер

666 686,0

 
258
 
Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

126 791,9

 
 
001
Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

126 791,9

 
265
 
Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

104 277,0

 
 
001
Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

100 377,0

 
 
002
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

3 900,0

 
269
 
Облыстың дін істері басқармасы

78 200,9

 
 
001
Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

30 150,8

 
 
004
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

541,0

 
 
005
Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау

47 509,1

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

100,0

 
 
061
Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту

100,0

 
282
 
Облыстың тексеру комиссиясы

221 535,2

 
 
001
Облыстың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

221 535,2

2
 
 
Қорғаныс

238 944,9

 
120
 
Облыс әкімінің аппараты

169 538,9

 
 
010
Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

54 524,3

 
 
011
Аумақтық қорғанысты даярлау және облыс ауқымдағы аумақтық қорғаныс

31 486,0

 
 
012
Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру

83 528,6

 
287
 
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы

69 406,0

 
 
002
Аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күрделі шығыстары

42 054,2

 
 
004
Облыс ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

27 351,8

3
 
 
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

5 740 308,8

 
120
 
Облыс әкімінің аппараты

28 482,0

 
 
015
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

28 482,0

 
252
 
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы

5 696 562,8

 
 
001
Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

4 845 146,8

 
 
003
Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу

4 756,0

 
 
006
Мемлекеттiк органның күрделi шығыстары

758 295,9

 
 
013
Белгілі тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарды орналастыру қызметтері

34 528,9

 
 
014
Әкiмшiлiк тәртiппен тұтқындалған адамдарды ұстауды ұйымдастыру

18 674,4

 
 
015
Қызметтік жануарларды ұстауды ұйымдастыру

35 038,4

 
 
032
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

122,4

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

15 264,0

 
 
053
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік объектілерін салу

15 264,0

4
 
 
Бiлiм беру

19 394 622,8

 
253
 
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

251 631,0

 
 
003
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

10 090,0

 
 
043
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау

241 541,0

 
261
 
Облыстың білім басқармасы

16 866 271,0

 
 
001
Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

129 682,8

 
 
003
Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру

983 193,1

 
 
004
Облыстық мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру

94 012,7

 
 
005
Облыстық мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

66 931,6

 
 
006
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру

664 046,7

 
 
007
Облыстық ауқымда мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу

178 653,0

 
 
011
Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету

214 415,4

 
 
013
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

6 645,0

 
 
024
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау

7 047 574,3

 
 
027
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

4 815 879,0

 
 
029
Әдістемелік жұмыс

79 786,2

 
 
050
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

676 058,0

 
 
053
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

725 098,0

 
 
067
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

712 873,2

 
 
069
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

181 536,0

 
 
113
Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

289 886,0

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

1 156 553,6

 
 
007
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері

441 212,8

 
 
079
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттерi

668 753,1

 
 
099
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

46 587,7

 
285
 
Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы

1 120 167,2

 
 
006
Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру

854 816,9

 
 
007
Мамандандырылған бiлiм ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы бiлiм беру

265 350,3

5
 
 
Денсаулық сақтау

28 046 983,0

 
253
 
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

27 104 253,0

 
 
001
Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

351 936,0

 
 
004
Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін және аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық көмекті қоспағанда, бастапқы медициналық-санитариялық көмек және медициналық ұйымдар мамандарын жіберу бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуі

144 631,0

 
 
005
Жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары үшін қанды, оның құрамдауыштары мен препараттарын өндіру

562 781,0

 
 
006
Ана мен баланы қорғау бойынша қызметтер көрсету

111 813,5

 
 
007
Салауатты өмір салтын насихаттау

119 586,0

 
 
008
Қазақстан Республикасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру

298 743,6

 
 
009
Туберкулез, жұқпалы аурулар, психикалық күйзеліс және мінез-құлқының бұзылуынан, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты, зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету

3 845 880,8

 
 
011
Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін және аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық көмекті қоспағанда, жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация

598 527,6

 
 
013
Патологоанатомиялық ашып тексеруді жүргізу

14 703,0

 
 
014
Халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және балаларға арналған және емдік тағамдардың арнаулы өнімдерімен қамтамасыз ету

764 603,3

 
 
016
Азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерде емделу үшін тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету

2 847,0

 
 
017
Шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшін тест-жүйелерін сатып алу

1 219,4

 
 
018
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық талдамалық қызметтер

21 401,0

 
 
019
Туберкулезбен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз ету

339 789,0

 
 
020
Диабетпен ауыратын науқастарды диабетке қарсы препараттармен қамтамасыз ету

514 473,0

 
 
021
Онкогематологиялық науқастарды химия препараттарымен қамтамасыз ету

208 331,0

 
 
022
Созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі бар, аутоиммунды, орфандық аурулармен ауыратын, иммунитеті жеткіліксіз науқастарды, сондай-ақ ағзаларды транспланттаудан кейінгі науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету

100 532,0

 
 
026
Гемофилиямен ауыратын науқастарды қанды ұйыту факторларымен қамтамасыз ету

378 427,0

 
 
027
Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау

1 067 463,0

 
 
029
Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базалары

79 449,0

 
 
030
Мемлекеттік денсаулық сақтау органдарының күрделі шығыстары

2 723,4

 
 
033
Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары

882 713,2

 
 
036
Жіті миокард инфаркті бар науқастарды тромболитикалық препараттармен қамтамасыз ету

16 807,0

 
 
037
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының міндеттемелері бойынша кредиттік қарызды өтеу

30 000,0

 
 
038
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде скринингтік зерттеулер жүргізу

127 123,0

 
 
039
Аудандық маңызы бар және ауыл денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмекті және амбулаториялық-емханалық көмекті халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетуі

14 545 174,0

 
 
045
Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен амбулаториялық емдеу деңгейінде жеңілдетілген жағдайда қамтамасыз ету

664 145,2

 
 
046
Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету

1 308 430,0

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

942 730,0

 
 
038
Денсаулық сақтау объектiлерiн салу және реконструкциялау

885 456,9

 
 
083
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар және фельдшерлік-акушерлік пункттерді салу

57 273,1

6
 
 
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

4 543 625,0

 
256
 
Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

2 660 619,7

 
 
001
Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

111 541,7

 
 
002
Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

582 801,7

 
 
003
Мүгедектерге әлеуметтік қолдау

274 827,0

 
 
013
Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

954 324,3

 
 
014
Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

5 094,7

 
 
015
Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

226 277,1

 
 
017
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

11 489,0

 
 
018
Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

15 336,5

 
 
044
Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру

2 421,0

 
 
045
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

172 877,0

 
 
047
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

152 089,0

 
 
053
Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызметтер көрсету

10 741,0

 
 
054
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

41 643,5

 
 
067
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

65 929,6

 
 
113
Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысалы трансферттер

33 226,6

 
261
 
Облыстың білім басқармасы

1 220 775,5

 
 
015
Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру

1 173 502,4

 
 
037
Әлеуметтік сауықтандыру

47 273,1

 
263
 
Облыстың ішкі саясат басқармасы

28 139,0

 
 
077
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру

28 139,0

 
268
 
Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

4 719,0

 
 
045
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

4 719,0

 
270
 
Облыстың еңбек инспекциясы бойынша басқармасы

91 015,8

 
 
001
Жергілікті деңгейде еңбек қатынасын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

91 015,8

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

538 356,0

 
 
039
Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау

538 356,0

7
 
 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

8 194 047,4

 
253
 
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

22 813,5

 
 
047
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу

22 813,5

 
256
 
Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

22 492,6

 
 
043
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу

22 492,6

 
261
 
Облыстың білім басқармасы

71 197,9

 
 
064
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу

71 197,9

 
262
 
Облыстың мәдениет басқармасы

17 974,5

 
 
015
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

17 974,5

 
268
 
Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

12 299,0

 
 
021
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

12 299,0

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

4 284 688,8

 
 
014
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері

1 318 665,0

 
 
027
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттері

1 940 055,2

 
 
058
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері

335 304,5

 
 
062
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері

690 664,1

 
279
 
Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

3 756 724,1

 
 
001
Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

66 965,2

 
 
005
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

9 915,3

 
 
010
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері

281 964,0

 
 
014
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықты дамытуға арналған нысаналы даму трансферттері

226 174,0

 
 
026
Көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізу

1 640,0

 
 
032
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау

925 942,0

 
 
040
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

1 558,0

 
 
113
Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысалы трансферттер

2 204 265,6

 
 
114
Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері

38 300,0

 
285
 
Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы

5 857,0

 
 
010
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу

5 857,0

8
 
 
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

5 871 828,9

 
259
 
Облыстың архивтер және құжаттама басқармасы

314 719,5

 
 
001
Жергілікті деңгейде архив ісін басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

25 029,5

 
 
002
Архив қорының сақталуын қамтамасыз ету

280 811,0

 
 
032
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

8 879,0

 
262
 
Облыстың мәдениет басқармасы

1 169 048,1

 
 
001
Жергiлiктi деңгейде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

54 527,1

 
 
003
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

198 516,7

 
 
005
Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету

242 817,6

 
 
007
Театр және музыка өнерін қолдау

530 323,2

 
 
008
Облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

97 044,0

 
 
032
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

44 319,5

 
 
113
Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысалы трансферттер

1 500,0

 
263
 
Облыстың ішкі саясат басқармасы

556 389,4

 
 
001
Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

169 664,2

 
 
005
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

68,9

 
 
007
Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

386 656,3

 
264
 
Облыстың тілдерді дамыту басқармасы

89 263,9

 
 
001
Жергілікті деңгейде тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

38 045,5

 
 
002
Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту

51 218,4

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

231 546,1

 
 
016
Мәдениет объектілерін дамыту

1 365,7

 
 
034
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері

230 180,4

 
283
 
Облыстың жастар саясаты мәселелерi бойынша басқармасы

192 956,1

 
 
001
Жергілікті деңгейде жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер

53 022,2

 
 
003
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

4 253,0

 
 
005
Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

134 930,9

 
 
032
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

750,0

 
284
 
Облыстың туризм басқармасы

50 770,8

 
 
001
Жергілікті деңгейде туризм саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

26 869,5

 
 
003
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

656,3

 
 
004
Туристік қызметті реттеу

23 245,0

 
285
 
Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы

3 267 135,0

 
 
001
Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

57 676,0

 
 
002
Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу

46 641,6

 
 
003
Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы

2 799 566,1

 
 
032
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары

29 441,3

 
 
113
Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

333 810,0

9
 
 
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

824 865,8

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

522 520,0

 
 
092
Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу

522 520,0

 
279
 
Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

302 345,8

 
 
011
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу-энергетикалық жүйені дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері

301 979,7

 
 
071
Газ тасымалдау жүйесін дамыту

366,1

10
 
 
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

33 673 911,1

 
251
 
Облыстың жер қатынастары басқармасы

50 347,2

 
 
001
Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

50 347,2

 
254
 
Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

1 188 604,6

 
 
001
Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

85 246,5

 
 
005
Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру

749 477,3

 
 
006
Жануарлар дүниесін қорғау

32 210,0

 
 
008
Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар

221 735,0

 
 
009
"Шортанды - Щучинск" учаскесінде "Астана – Щучинск" автомобиль жолының бойында орман екпе ағаштарын отырғызу

84 960,0

 
 
032
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

14 975,8

 
255
 
Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы

31 434 530,0

 
 
001
Жергiлiкті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтер

147 827,2

 
 
002
Тұқым шаруашылығын қолдау

246 817,2

 
 
018
Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру

2 282,0

 
 
029
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар

149 103,2

 
 
041
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату

8 380 460,6

 
 
045
Тұқымдық және көшет отырғызылатын материалдың сорттық және себу сапаларын анықтау

112 536,0

 
 
046
Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алуға және тіркеу

106,2

 
 
047
Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау

1 383 288,5

 
 
049
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау

163 347,0

 
 
050
Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу

2 423 386,6

 
 
051
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау

130 449,5

 
 
052
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

15 691,0

 
 
053
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау

6 447 192,0

 
 
054
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау

38 794,0

 
 
055
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

10 274 723,0

 
 
056
Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

1 518 526,0

 
719
 
Облыстың ветеринария басқармасы

945 172,2

 
 
001
Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

65 519,2

 
 
003
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

7 716,0

 
 
028
Уақытша сақтау пунктіне дейін ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтер

1 665,0

 
 
031
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу)

4 368,0

 
 
052
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

102 000,3

 
 
113
Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

763 903,7

 
725
 
Облыстың жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

55 257,1

 
 
001
Жергілікті деңгейде жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

51 128,0

 
 
003
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

4 129,1

11
 
 
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

788 620,2

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

688 028,9

 
 
001
Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

66 311,9

 
 
005
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

10 300,0

 
 
114
Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері

611 417,0

 
272
 
Облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасы

48 309,2

 
 
001
Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

48 309,2

 
724
 
Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

52 282,1

 
 
001
Жергілікті деңгейде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

45 682,1

 
 
003
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

6 600,0

12
 
 
Көлiк және коммуникация

5 717 801,1

 
251
 
Облыстың жер қатынастары басқармасы

61 554,0

 
 
011
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

61 554,0

 
268
 
Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

5 656 247,1

 
 
001
Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

62 711,4

 
 
002
Көлік инфрақұрылымын дамыту

33 346,9

 
 
003
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

773 186,0

 
 
007
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне көлік инфрақұрылымын дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері

1 519 242,0

 
 
011
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

10 346,0

 
 
025
Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу

580 762,7

 
 
027
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер

361 137,0

 
 
028
Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру

299 000,0

 
 
113
Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

1 988 615,1

 
 
114
Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері

27 900,0

13
 
 
Басқалар

20 665 671,2

 
253
 
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

31 711,9

 
 
049
Моноқалаларды ағымдағы жайластыру

31 711,9

 
257
 
Облыстың қаржы басқармасы

18 469 491,3

 
 
012
Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi

107 259,6

 
 
048
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

1 055 126,2

 
 
055
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

11 892 966,5

 
 
056
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне жергілікті бюджеттердің шығыстарын өтеуді және өңірлердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

5 414 139,0

 
258
 
Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

85 014,1

 
 
003
Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

85 014,1

 
265
 
Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

771 469,0

 
 
004
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау

22 000,0

 
 
014
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

631 612,0

 
 
015
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру

117 857,0

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

741 705,7

 
 
051
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту

741 705,7

 
279
 
Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

566 279,2

 
 
024
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту

566 279,2

14
 
 
Борышқа қызмет көрсету

1 729,4

 
257
 
Облыстың қаржы басқармасы

1 729,4

 
 
016
Жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша борышына қызмет көрсету

1 729,4

15
 
 
Трансферттер

21 484 541,6

 
257
 
Облыстың қаржы басқармасы

21 484 541,6

 
 
007
Субвенциялар

19 233 260,0

 
 
011
Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару

142 763,1

 
 
017
Нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

5 531,5

 
 
024
Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

300 095,0

 
 
026
Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

1 754 040,0

 
 
052
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару

8 652,5

 
 
053
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару

40 199,5

 
 
 
III. Таза бюджеттiк кредиттеу

7 488 295,7

 
 
 
Бюджеттiк кредиттер

8 382 733,0

6
 
 
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

1 051 949,0

 
265
 
Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

1 051 949,0

 
 
009
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру

1 051 949,0

7
 
 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

6 520 996,0

 
271
 
Облыстың құрылыс басқармасы

1 258 988,0

 
 
009
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру

1 258 988,0

 
279
 
Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

5 262 008,0

 
 
046
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру

5 262 008,0

10
 
 
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

696 748,0

 
258
 
Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

696 748,0

 
 
007
Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер

696 748,0

13
 
 
Басқалар

113 040,0

 
265
 
Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

113 040,0

 
 
069
Моноқалаларда, кіші қалаларда және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру

113 040,0

 
 
 
Бюджеттiк кредиттерді өтеу

894 437,3

5
 
 
Бюджеттiк кредиттерді өтеу

894 437,3

 
01
 
Бюджеттiк кредиттерді өтеу

894 437,3

 
 
2
Бюджеттiк кредиттердiң сомаларын қайтару

50 348,7

 
 
 
IV. Қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо

496 671,9

 
 
 
Қаржы активтерiн сатып алу

500 000,0

13
 
 
Басқалар

500 000,0

 
265
 
Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

500 000,0

 
 
065
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

500 000,0

 
 
 
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

3 328,1

6
 
 
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

3 328,1

 
01
 
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

3 328,1

 
 
1
Қаржы активтерін ел ішінде сатудан түсетін түсімдер

3 328,1

 
 
 
V. Бюджет тапшылығы (профициті)

-7 559 137,4

 
 
 
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

7 559 137,4

      

  Ақмола облыстық
мәслихатының
2016 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 6С-7-3 шешіміне
2-қосымша
  Ақмола облыстық
мәслихатының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 5С-43-2 шешіміне
5-қосымша

2016 жылға арналған аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер

Атауы

Сома мың теңге

1

2

Барлығы

12 449 071,3

Ағымдағы нысаналы трансферттер

8 071 536,5

оның iшiнде:
Облыстың бiлiм басқармасы

289 886,0

Бiлiм беру объектілерінің күрделі жөндеуіне және материалдық- техникалық базасын нығайтуға

147 082,5

Мектептерге арнап электрондық оқулықтар сатып алуға

24 363,0

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу

90 142,3

Степногорск қ. ЕЦ-166/11 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандардың орта білім алуына

3 939,0

Көкшетау қаласындағы №6 ОМ "Үздік орта білім беру ұйымына" гранты беруге

18 287,2

Ерейментау қаласындағы жаңадан енгізілген 200 орындық мектепті ұстауға

6 072,0

Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы

333 810,0

Балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектептері шығындарының облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджетке ауыстырылуына байланысты

261 303,0

Астрахан ауданында футбол алаңы және жеңіл атлетика жолақтары үшін жасанды жабынды, көрермендерге трибун сатып алуға және орнатуға

45 000,0

Астрахан ауданының Астрахан с. стадионының ағымдағы жөндеуін және көгалдандыруын жүргізуге

25 000,0

Шантөбе а. БМЖС әкімшілік комплекстің ағымдағы жөндеуін өткізуге

2 507,0

Облыстың жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

38 556,6

"Инватакси" қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

5 330,0

Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай бір жолғы материалдық көмек төлеуге

33 226,6

Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2 000 914,1

Автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға

1 988 615,1

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға

12 299,0

Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

2 204 265,6

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға

2 045 421,9

Сумен жабдықтауды жөндеуге

158 843,7

Облыстың ветеринария басқармасы

763 903,7

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге

679 096,0

Бруцелезбен ауыратын санитариялық союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының (ірі қара және ұсақ малдың) құнын (50 %-ға дейін) өтеуге

75 220,2

Сібір жарасы қорымдары ошақтарында іс-шаралар өткізуге

9 587,5

Облыстың қаржы басқармасы

2 420 726,0

Төмен тұрған бюджеттердің ысырабын өтеуге арналған

1 754 040,0

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдық күніне орай бір жолғы төлемдер

666 686,0

Облыстың мәдениет басқармасы

19 474,5

Мәдени объектілердің материалды-техникалық базасын нығайтуға

1 500,0

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамытуға

17 974,5

Нысаналы даму трансферттерi

4 377 534,8

оның iшiнде:
Облыстың құрылыс басқармасы

3 973 617,1

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салуға және реконструкциялауға

301 880,8

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға

668 753,1

Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға

96 162,5

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға

630 463,0

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға

744 096,2

Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға

690 664,1

Целиноград ауданында әкімшілік ғимараттардың құрылысына

203 693,0

Көкшетау қаласының бос уақытта инфрақұрылымын, демалыс орындарын және әлеуметтік саланы дамытуға

407 724,0

Спорт объектілерін дамытуға

230 180,4

Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

375 517,7

Коммуналдық шаруашылықты дамытуға

252 274,0

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға

109 064,0

Жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға

1 979,7

Жарғылық капиталының үлкейту

12 200,0

Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

28 400,0

Көлік инфрақұрылымын дамытуға

28 400,0