Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 07.11.2017 № 108-2294 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын айқындау туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 108-2413 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1002 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпандағы № 18 (3370) "Астана ақшамы" және 2016 жылғы 16 ақпандағы № 18 (3388) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларының
11-тармағы мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) жеңіл рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырумен байланысты несие бойынша шығыстар.".
2. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Еділ Нұрланұлы Сүлейменовке осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошун жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Жақсыбеков |