28.10.2016

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының колданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы, Тізбенің 7-тармағының 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _______________ Д. Абаев

      2016 жылғы 25 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 20 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қазандағы
№ 258 қаулысына
қосымша

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Қор биржасы мүшелерінің қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 33 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7466 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қор биржасының мүшелері қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге де ақпаратты беру тізбесі мен мерзімдері туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қор биржасының мүшелері (екінші деңгейдегі банктерді және ұлттық почта операторын қоспағанда) қор биржасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларына (бұдан әрі – № 41 қағидалар) 10, 11, 14 және 16-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей береді.

      Ұлттық почта операторы қор биржасына № 41 қағидаларға 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдын соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей береді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қор биржасының мүшелері:

      1) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 102-бабының 2-тармағында көзделген қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты – егер қор биржасының мүшесі бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент болып табылған жағдайда туындаған күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

      2) меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативтің бұзылғаны туралы ақпаратты осындай бұзушылық туындаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      3) қор биржасы қор биржасының сауда жүйесінде айналыстағы бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысуға жіберген қор биржасы мүшесінің трейдерлері құрамындағы өзгерістер туралы ақпаратты осындай өзгерістердің негіздемелері туралы мәліметтерді көрсете отырып олар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      4) қор биржасының қағидаларында белгіленген көлемде есепті күнгі жағдай бойынша брокерлік қызметтер көрсету шеңберінде қор биржасы мүшесі жасаған комиссия шарттары туралы мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде;

      5) тізбесі мен беру мерзімдері "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес қор биржасының қағидаларында айқындалатын өзге де ақпаратты қор биржасына береді.".

      2. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастыруға (пайдалануға) бақылау жасауды кастодиан:

      1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясымен;

      3) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартпен;

      4) уәкілетті орган қолданған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған шектеулі ықпал ету шараларымен немесе санкциялармен белгіленген талаптарға кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша операциялар жасауға ұсынылған құжаттардың және бұйрықтардың (тапсырмалардың) сәйкестігін тексеру жолымен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері қатысуымен жасалған мәмілелердің сәйкестігіне мониторинг жүргізу жолымен жүзеге асырады.".

      3. "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 187 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8671 тіркелген, 2013 жылғы 25 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 144 (2345) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Осы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібін белгілейді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қағидалардың 9 және 25-тармақтарына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілмеген және Қағидалардың 31-тармағына сәйкес жойылмаған құжаттарды сақтау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10129 тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.".

      4. "Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654 тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда "Заң газеті" газетінде № 148 (2349) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидалары";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Осы Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында (бұдан әрі – ЕЖЗҚ) салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке зейнетақы шотын ашуға негіздер:

      міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша – салымшының БЖЗҚ интернет-ресурсында орналастырылатын БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша жасалған өтініші;

      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттің (бұдан әрі – агент) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның БЖЗҚ интернет-ресурсында орналастырылатын БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша жасалған өтініші;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен – БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ, бір жағынан және зейнетақы жарналарын салымшы, екінші жағынан жасайтын, салымшы өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына БЖЗҚ-ға және (немесе) ЕЖЗҚ-ға енгізген ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт, сондай-ақ ЕЖЗҚ ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтарған немесе одан айырылған жағдайда немесе ЕЖЗҚ қосылу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-ға аудару болып табылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары зейнетақы жарналарының түрлері (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары) бойынша жеке-жеке теңгемен жүргізіледі және:

      міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша – БЖЗҚ салымшының БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша жасалған өтінішін қабылдаған күні;

      міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша – БЖЗҚ агенттің және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша жасалған өтінішін қабылдаған күні;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен – ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған күні ашылады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Теңгемен және (немесе) шетел валютасымен төлемдерді және (немесе) зейнетақы жинақтарының аударымдарын қайтаруды және (немесе) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына есепке жазылуға тиіс емес өзге сомаларды есепке алу үшін салымшыға (алушыға) жеке атаулы шот болып табылатын, теңгемен және (немесе) шетел валютасымен төлемдерді және (немесе) зейнетақы жинақтарының аударымдарын қайтару және (немесе) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына есепке жазылуға тиіс емес өзге сомалар түскен күні БЖЗҚ-да немесе ЕЖЗҚ-да ашылатын кредиторлық берешек шоты ашылады.

      Кредиторлық берешек шоты зейнетақы жинақтарын төлеу, қайтару, жеке зейнетақы шотына есепке жазу бойынша жүргізілген операциялар нәтижесінде және (немесе) өзге де есептен шығару операциялары нәтижесінде сомалар толық есептен шығарылған күні жабылуға жатады.

      Кредиторлық берешек шоты бойынша сомаларды есепке жазу және (немесе) есептен шығару тәртібі БЖЗҚ-ның және (немесе) ЕЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.".

      5. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. "Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9325 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидаларда Заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Жөнелтуші қор:

      сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;

      сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;

      2) зейнетақы жинақтарын ауыстыру – Жөнелтуші қордың, Жөнелтуші қордың кастодиан-банкінің сақтандыру ұйымына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ауыстырылатын сомасын аудару үшін қажетті жүйелі іс-қимылдары;

      3) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш – сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жарналарын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарын немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы жазбаша өтініш.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор сақтандыру сыйлықақысын қабылдайды.

      Сақтандыру ұйымы зейнетақы жинақтарын қайтаруға төлем тапсырмасын қалыптастыруды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13275 тіркелген "Төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысының талаптарына, № 388 қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      Сақтандыру ұйымының зейнетақы жинақтарын қайтаруына төлем тапсырмасын қалыптастырған кезде, сақтандыру ұйымы зейнетақы жинақтары Жөнелтуші қорға қайтарылатын салымшының (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, ЖСН қоса алғанда) деректемелері,н зейнетақы жарналарын Жөнелтуші қорға қайтару жүзеге асырылатын төлем тапсырмасының нөмірін және күнін көрсетеді.".

      9. "Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11974 тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шарт салымшы (алушы) (Шартты өзінің пайдасына жасаған кезде), салымшы және алушы (Шартты үшінші тұлғаның пайдасына жасаған кезде), немесе нотариат куәландырған сенімхат негізінде кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі БЖЗҚ-ға немесе ЕЖЗҚ-ға жеке өтініш берген кезде жасалады.";

      4-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. БЖЗҚ-ның немесе ЕЖЗҚ-ның қызметкері салымшының (алушының), жеке тұлға болып табылатын салымшының және алушының немесе жеке тұлға болып табылатын салымшының сенім білдірілген адамының және (немесе) алушының, жасы кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің құжаттарын қабылдағанда:

      1) салымшының (алушының), салымшының және алушының жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасын, жеке сәйкестендіру нөмірінің болуын тексереді;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. БЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ қызметкері заңды тұлға болып табылатын салымшының және алушының құжаттарын қабылдаған кезде:

      1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, алушының жеке сәйкестендіру нөмірінің болуын (алушыны сәйкестендіру үшін);

      2) заңды тұлға жарғысының және лицензиясының (салымшының қызметі лицензияланатын жағдайда) көшірмесін;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелерін, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің болуын;

      4) заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттіктерін (мәртебесін) растайтын құжаттың көшірмесін;

      5) заңды тұлғаның атынан Шартқа қол қою жөніндегі өкілеттіктері көрсетілген заңды тұлға сенімхатының көшірмесін;

      6) заңды тұлғаның атынан Шартқа қол қоюға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;

      7) заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізуді тіркеуші жүзеге асыратын шаруашылық серіктестер құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) тексереді.

      Осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін заңды тұлға растайды. Бір парақтан көп парақтан тұратын құжаттар парақтар саны көрсетіле отырып тігіледі және заңды тұлғаның қолымен және мөрімен (бар болса) расталады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "БЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ қызметкері Шарт жасасу бойынша құжаттарға Шарттың түпнұсқасын, Қағидалардың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында (салымшы (алушы), жеке тұлға болып табылатын салымшы және алушы өтініш берген кезде) не Қағидалардың 5-тармағының 1) және 6) тармақшаларында (заңды тұлға болып табылатын салымшы және алушы өтініш берген кезде) көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса береді.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тараптардың қолтаңбалары бар Шарттың түпнұсқасы және Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген құжаттар сканерленеді, олардың графикалық файлдары БЖЗҚ-ның немесе ЕЖЗҚ-ның орталық дерекқорында 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады.";

      қосымшасы осы Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2 және 3-қосымшалар тиісінше Тізбеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру және бағалы қағаздар
нарығын реттеу мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 1-қосымша
  Ерікті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шартты жасасу қағидаларына
қосымша
  нысан

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды есепке алу журналы ______________________________________________________________ (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

Шарт жасасқан, жеке тұлға болып табылатын салымшының (алушының) деректемелері

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Жеке басын куәландыратын құжатты берген орган және берілген күні

1

2

3

4

5

6


Үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасасқан, жеке немесе заңды тұлға болып табылатын салымшының деректемелері

Пайдасына шарт жасасқан алушының деректемелері

Жеке тұлға болып табылатын салымшының деректемелері

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Жеке басын куәландыратын құжатты берген орган және берілген күні

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні

Жеке сәйкестендіру нөмірі

7

8

9

10

11

12

13

14


Үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасасқан, жеке немесе заңды тұлға болып табылатын салымшының деректемелері

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі

Зейнетақымен қамсыздандыру шарты жасалған күні

Шарт жасасқан адамдардың (салымшының (алушының), салымшының, алушының, сенім білдірілген адамның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қағаз тасымалдағыштағы журналда толтырылады)

Заңды тұлға болып табылатын салымшының деректемелері

Заңды тұлғаның атауы

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі мен күні

Заңды тұлға басшысының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қол қою құқығына сенімхаттың нөмірі мен күні (бар болса)

Бизнес – сәйкестендіру нөмірі

15

16

17

18

19

20

21

      Ескерту:

      Салымшы (алушы) жасасқан ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды есепке алған кезде журналдың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 19, 20, 21-бағандары толтырылады.

      Үшінші тұлғаның пайдасына жеке тұлға жасаған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды есепке алған кезде журналдың 1, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21-бағандары толтырылады.

      Үшінші тұлғаның пайдасына заңды тұлға жасаған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды есепке алған кезде журналдың 1, 7, 8, 9, 10, 11, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-бағандары толтырылады.

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін Қазақстан
Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру және бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 137 қаулысына
2-қосымша
  1-нысан

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ

      ________ қаласы            20__ жылғы "___"__________ № ______

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы ___________

      _______________________________________________________________________

      (Жарғыға сәйкес атауы, орналасқан жері)

      бұдан әрі "Қор" деп аталады, ______________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (Жарғы немесе сенімхат

      негізінде іс-әрекет жасайтын______________________________________________

      ________________________________________________________________ арқылы

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің

      ________________________________________________________________________

      аты (бар болса))

      бір жағынан, және жеке тұлға ______________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің

      ________________________________________________________________________

      аты (бар болса)),

      ________________________________________________________________________

      туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

      ____________ _______ жылғы "___" _________ берілген ___________________,

      (кім)             (берген күні)                   (сериясы, нөмірі))

      ___________________ жеке сәйкестендіру нөмірі бар, бұдан әрі "Салымшы (Алушы)"

      деп аталады, екінші жағынан, осы Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен

      қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) мына төмендегілер жайында жасасты:

1. Шарттың мәні

      1. Салымшы (Алушы) Шартқа сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын енгізеді, ал Қор оларды қабылдауға және Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес міндеттерді орындауға міндеттенеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Қор:

      1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға;

      2) Салымшыға (Алушыға) № _________ жеке зейнетақы шотын ашуға;

      3) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарын және оған жасалған зейнетақы төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;

      4) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарына инвестициялық кірісті есептеуге;

      5) Салымшыға (Алушыға) оның сұратуы бойынша жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұратылған күнге ақы алмай-ақ, оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жарналары туралы ақпаратқа рұқсат берудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

      6) Шартты жасасу кезінде Салымшыны (Алушыны) Қордың зейнетақы қағидаларымен таныстыруға;

      7) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Салымшының (Алушының) мүддесін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ Қордың зейнетақы қағидаларына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;

      8) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару қызметі мәселелері бойынша оған ақысыз консультациялық қызметтер көрсетуге;

      9) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 34-бабы 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес зейнетақы активтері есебінен Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

      10) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге;

      11) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      12) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұл туралы Салымшыға (Алушыға) қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 2 (екі) мерзімді баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға;

      13) Салымшы (Алушы) қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген шекте жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуге;

      14) Салымшы (Алушы) қайтыс болған жағдайда, оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте Салымшының (Алушының) мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге;

      15) Қордың міндеттемелерін орындауға ықпал ететін Салымшының (Алушының) деректемелері өзгерген жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйеге бұл өзгерістерді растайтын құжаттардың негізінде тиісті өзгерістерді енгізуге;

      16) Салымшы (Алушы) елу жасқа толған жағдайда не Салымшы (Алушы) мүгедек болып табылған жағдайда, не Салымшы (Алушы) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шыққан және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарын алуға құқығы туындаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын Шартта белгіленген тәртіпте төлеуді жүзеге асыруға;

      17) Салымшыға (Алушыға) комиссиялық сыйақының шамасын күнтізбелік жыл басталғанға дейінгі 1 (бір) айдан кешіктірмей, қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 2 (екі) баспасөз басылымында жария ету арқылы хабарлауға міндетті.

      3. Қор:

      1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға;

      2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте сотта Салымшының (Алушының) мүддесін білдіруге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Салымшының (Алушының) құқықтарына қысым жасамайтын және төмендетпейтін өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      4. Салымшы (Алушы) Қордың міндеттемелерін орындауына ықпал ететін барлық өзгерістер туралы олар басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға хабарлауға міндетті.

      5. Салымшы (Алушы) ерікті зейнетақы жарналарын _____________________________

      (ай сайын,

      ______________________________________________________________ _________________

      тоқсан сайын, жыл сайын, біржолғы немесе тараптардың келісімі бойынша)

      мөлшерде енгізеді.

      6. Салымшы (Алушы):

      1) Қордың зейнетақы қағидаларымен танысуға;

      2) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;

      3) Қордан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару қызметі мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер алуға;

      4) зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      5) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес құқық туындаған кезде Шартта белгіленген тәртіпте Қордан зейнетақы төлемдерін алуға;

      6) өзінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте мұраға қалдыруға;

      7) Қордың іс-әрекетіне сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.

3. Ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы жинақтарын аудару және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      7. Ерікті зейнетақы жарналары Шарттың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде және мөлшерде енгізіледі.

      8. Зейнетақы төлемдері Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес жүргізіледі. Тараптар зейнетақы төлемдерін алу тәртібін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім жасау арқылы дербес айқындайды.

      9. Зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару тәртібі мен талаптары Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген.

4. Қордың сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      10. Қор Салымшыға (Алушыға) ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы міндетті ақпаратта ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы туралы, оның ішінде:

      1) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қорға зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы;

      2) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      3) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен және сұратылатын кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақының және зейнетақы активтерінің шамасы;

      4) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қордан зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      5) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.

      11. Егер Салымшының (Алушының) сұратуында өзгеше көрсетілмесе, Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша ол сұратқан кез келген күндегі Қор ұсынатын ақпаратта Шарттың 10-тармағында аталған, сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жасалған мәліметтер қамтылады.

      12. Қор Салымшыны (Алушыны) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы міндетті хабарлауды, сондай-ақ оның сұратуы бойынша кез келген сұратылған күні хабарлауды ақысыз жүргізеді.

      13. Салымшының (Алушының) өтініші бойынша жыл сайынғы міндетті хабарлау байланыс құралдары (почта, электрондық почта және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген басқа байланыс құралдары) арқылы немесе Салымшы (Алушы) жеке өтініш жасаған кезде жүргізіледі.

5. Тараптардың міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі

      14. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапкершілік атқарады.

      15. Қордың кінәсінен зейнетақы жинақтары аударымын кешіктірген жағдайда, Қор Салымшының (Алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтарының сомасына әрбір кешіктірілген күнге (аударым жасау күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      16. Қор зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына төлемдер сомасына әрбір кешіктірілген күнге (төлем жүргізу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      17. Өсімпұлды төлеу Қорды зейнетақы жинақтары аударымы (зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру) бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      18. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Еңсерілмейтін күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі

      19. Егер еңсерілмейтін күш салдарынан тиісінше орындауға мүмкін болмаса, Шарттың тараптары Шарт бойынша мiндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      20. Өрт, су тасқыны, зілзала, табиғи апаттар, қоршауда қалу, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер және тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.

      21. Қор Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Шарттың 20-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындағанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

7. Шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі мен талаптары

      22. Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей айқындалмаған және енгізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ережелер бойынша ғана жазбаша түрде өзгертіледі және толықтырылады.

      23. Шарт:

      1) заңды күшіне енгізілген сот шешімінің негізінде;

      2) Шарт бойынша зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Салымшының (Алушының) бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      3) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотын ашқан күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Қордың бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      4) аударылған зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдері болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен болса;

      5) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында ақша болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      6) төленген зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдері болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен болса;

      7) Қордағы Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмауы талабымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен жасалған зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініш келіп түскен күні бұзылады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      24. Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      25. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін Шарт қолданыста болады.

9. Қорытынды ережелер

      26. Қазақстан Республикасының соттары Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.

      27. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қарым-қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

      28. Шарт 4 данада, әрқайсысының заңды күші бірдей, қазақ және орыс тілдерінде екі данадан жасалады.

9. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері мен қолдары


ҚОР

САЛЫМШЫ (АЛУШЫ)

_______________________________

(Қордың атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі

________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_________________________________

банк деректемелері

_________________________________

Қордың (оның филиалының немесе Шартты жасасу орны болып табылатын өзге бөлімшесінің) заңды мекенжайы, телефон нөмірі, факсы, e-mail)

_________________________________

(Қор өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) мөр орны (бар болса)

_________________________________

жеке сәйкестендіру нөмірі

_________________________________

тұрғылықты жері, телефон нөмірі, e-mail)

зейнетақы қағидаларымен танысты:

_________________________________

Салымшының (Алушының) қолы

      2-нысан

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы

ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ

      ________ қаласы            20__ жылғы "___"__________ № ______

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы ____________________

      _________________________________________________________________________,

      (Жарғыға сәйкес атауы, орналасқан жері)

      бұдан әрі "Қор" деп аталады, ________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (Жарғы немесе сенімхат)

      негізінде іс-әрекет жасайтын _________________________________________________

      ___________________________________________________________________ арқылы

      (лауазымы, тегі, аты,

      __________________________________________________________________________

      әкесінің аты (бар болса))

      бір жағынан, және заңды тұлға (немесе жеке тұлға) ______________________________

      __________________________________________________________________________

      (Жарғыға сәйкес атауы, орналасқан жері - заңды тұлға үшін,

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің

      __________________________________________________________________________

      аты (бар болса),

      __________________________________________________________________________

      туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

      ____________ _______ жылғы "___" _________ берілген ________________________,

      (кім)                  (берген күні) (сериясы, нөмірі) - жеке тұлға үшін)

      бұдан әрі "Салымшы" деп аталады, __________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (Жарғы немесе сенімхат)

      негізінде іс-әрекет жасайтын заңды тұлғаның өкілі ______________________________

      ___________________________________________________________________ арқылы

      (лауазымы, тегі, аты,

      __________________________________________________________________________

      әкесінің аты (бар болса))

      екінші жағынан, және жеке тұлға _____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің

      __________________________________________________________________________

      аты (бар болса),

      __________________________________________________________________________

      туған күні және тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

      ____________ _______ жылғы "___" _________ берілген ___________________,

      (кім)                   (берген күні)                   (сериясы, нөмірі))

      ___________________жеке сәйкестендіру нөмірі бар, бұдан әрі "Алушы" деп аталады,

      үшінші жағынан, үшінші тұлғаның пайдасына осы Ерікті зейнетақы жарналары есебінен

      зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) мына төмендегілер жайында

      жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Салымшы Шартқа сәйкес Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын енгізеді, ал Қор оларды қабылдауға және Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес міндеттерді орындауға міндеттенеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Қор:

      1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға;

      2) Алушыға № _________ жеке зейнетақы шотын ашуға;

      3) Алушының зейнетақы жинақтарын және оған жасалған зейнетақы төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;

      4) Алушының зейнетақы жинақтарына инвестициялық кірісті есептеуге;

      5) Алушыға оның сұратуы бойынша жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұратылған күнге ақы алмай-ақ, оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруге, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жарналары туралы ақпаратқа рұқсат берудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

      6) Салымшыға Алушының Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі болған кезде Алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беруге;

      7) Шартты жасасу кезінде Салымшыны және Алушыны Қордың зейнетақы қағидаларымен таныстыруға;

      8) Алушының сұратуы бойынша Алушының мүддесін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ Қордың зейнетақы қағидаларына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;

      9) Алушының сұратуы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару қызметі мәселелері бойынша оған ақысыз консультациялық қызметтер көрсетуге;

      10) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 34-бабы 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес зейнетақы активтері есебінен Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

      11) Алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге;

      12) Алушының өтініші бойынша Алушының зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      13) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұл туралы Салымшыға және Алушыға қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 2 (екі) мерзімді баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға;

      14) Алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген шекте жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуге;

      15) Алушы қайтыс болған жағдайда, оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте Алушының мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге;

      16) Қордың міндеттемелерін орындауға ықпал ететін Алушының деректемелері өзгерген жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйеге бұл өзгерістерді растайтын құжаттардың негізінде тиісті өзгерістерді енгізуге;

      17) Алушы елу жасқа толған жағдайда не Алушы мүгедек болып табылған жағдайда, не Алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шыққан және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарын алуға құқығы туындаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын Шартта белгіленген тәртіпте төлеуді жүзеге асыруға;

      18) Салымшыға және Алушыға комиссиялық сыйақының шамасын күнтізбелік жыл басталғанға дейінгі 1 (бір) айдан кешіктірмей, қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 2 (екі) баспасөз басылымында жария ету арқылы хабарлауға міндетті.

      3. Қор:

      1) шекті шамадан аспайтын мөлшерде және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабында белгіленген тәртіпте комиссиялық сыйақы алуға;

      2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте сотта Салымшының және Алушының мүддесін білдіруге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Салымшының және Алушының құқықтарына қысым жасамайтын және төмендетпейтін өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      4. Салымшы ерікті зейнетақы жарналарын___________________________

      (ай сайын, тоқсан

      ____________________________________________________________________

      сайын, жыл сайын, біржолғы немесе тараптардың келісімі бойынша)

      мөлшерде енгізеді.

      5. Алушы Қордың міндеттемелерді орындауына ықпал ететін барлық өзгерістер туралы олар басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға хабарлауға міндетті.

      6. Алушы:

      1) Қордың зейнетақы қағидаларымен танысуға;

      2) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;

      3) Қордан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметі мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер алуға;

      4) зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      5) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес құқық туындаған кезде Шартта белгіленген тәртіпте Қордан зейнетақы төлемдерін алуға;

      6) өзінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте мұраға қалдыруға;

      7) Қордың іс-әрекетіне сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.

      7. Салымшы:

      1) Алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі негізінде Алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;

      2) Қордың іс-әрекетіне сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.

3. Ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы жинақтарын аудару және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      8. Ерікті зейнетақы жарналары Шарттың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде және мөлшерде енгізіледі.

      9. Зейнетақы төлемдері Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес жүргізіледі. Алушы мен Қор зейнетақы төлемдерін алу тәртібін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім жасау арқылы дербес айқындайды.

      10. Зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару тәртібі мен талаптары Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген.

4. Қордың сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      11. Қор Алушыға ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы міндетті ақпаратта ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы туралы, оның ішінде:

      1) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қорға зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы;

      2) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      3) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен және сұратылатын кезеңнің соңында қолданыстағы инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақының және зейнетақы активтерінің шамасы;

      4) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қордан зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      5) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.

      12. Егер Алушының сұратуында өзгеше көрсетілмесе, Алушының сұратуы бойынша ол сұратқан кез келген күндегі Қор ұсынатын ақпаратта Шарттың 11-тармағында аталған, сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жасалған мәліметтер қамтылады.

      13. Қор Алушыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы міндетті хабарлауды, сондай-ақ оның сұратуы бойынша кез келген сұратылған күні хабарлауды ақысыз жүргізеді.

      14. Алушының өтініші бойынша жыл сайынғы міндетті хабарлау байланыс құралдары (почта, электрондық почта және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген басқа байланыс құралдары) арқылы немесе Алушы жеке өтініш жасаған кезде жүргізіледі.

5. Тараптардың міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі

      15. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапкершілік атқарады.

      16. Қордың кінәсінен зейнетақы жинақтарын аударуды кешіктірген жағдайда, Қор Алушының пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтарының сомасына әрбір кешіктірілген күнге (аударым жасау күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      17. Қор зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына төлемдер сомасына әрбір кешіктірілген күнге (төлем жүргізу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      18. Өсімпұлды төлеу Қорды зейнетақы жинақтары аударымы (зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру) бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      19. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Еңсерілмейтін күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі

      20. Егер еңсерілмейтін күш салдарынан тиісінше орындауға мүмкін болмаса, Шарттың тараптары Шарт бойынша мiндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      21. Өрт, су тасқыны, зілзала, табиғи апаттар, қоршауда қалу, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер және тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.

      22. Қор Салымшының немесе Алушының сұратуы бойынша Шарттың 21-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындағанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

7. Шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі мен талаптары

      23. Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей айқындалмаған және енгізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ережелер бойынша ғана жазбаша түрде өзгертіледі және толықтырылады.

      24. Шарт:

      1) заңды күшіне енгізілген сот шешімінің негізінде;

      2) Шарт бойынша зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Салымшының немесе Алушының бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      3) Алушының жеке зейнетақы шотын ашқан күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Қордың бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      4) аударылған зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдері болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен болса;

      5) Алушының жеке зейнетақы шотында ақша болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған күннен бастап 12 (он екі) ай өткен болса;

      6) төленген зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдері болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткен болса;

      7) Қордағы Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмауы талабымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен жасалған зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініш келіп түскен күні бұзылады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      25. Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      26. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін Шарт қолданыста болады.

9. Қорытынды ережелер

      27. Қазақстан Республикасының соттары Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.

      28. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қарым-қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

      29. Шарт 4 данада, әрқайсысының заңды күші бірдей, қазақ және орыс тілдерінде екі данадан жасалады.

10. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері мен қолдары


ҚОР
________________________________
(Қордың атауы,
бизнес сәйкестендіру нөмірі
________________________________
банк деректемелері
________________________________
Қордың (оның филиалының
немесе Шартты жасасу орны
болып табылатын өзге
бөлімшесінің)
заңды мекенжайы,
телефон нөмірі, факсы, e-mail)
________________________________
(Қор өкілінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса), қолы)
мөр орны (бар болса)
 

САЛЫМШЫ
________________________________
(заңды тұлға үшін – атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________
банк деректемелері
________________________________
орналасқан жері, телефон нөмірі,
факсы, e-mail)
________________________________
(жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
________________________________
тұрғылықты жері, телефон нөмірі, e-mail)
зейнетақы қағидаларымен танысты:
________________________________
Салымшының қолы
мөр орны (бар болса – заңды
тұлға үшін)

АЛУШЫ
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
________________________________
тұрғылықты жері, телефон нөмірі, e-mail)
зейнетақы қағидаларымен танысты:
________________________________
Алушының қолы



  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін Қазақстан
Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру және бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 137 қаулысына 3-қосымша
  1-нысан

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы

ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ

      ________ қаласы            20__ жылғы "___"__________ № ______

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры_________________________________

      __________________________________________________________________

      (Жарғыға сәйкес атауы, орналасқан жері)

      бұдан әрі "Қор" деп аталады, _________________________________________

      __________________________________________________________________

      (Жарғы немесе сенімхат)

      және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және

      қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ерікті зейнетақы

      жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға ____ жылғы "__"

      _____ берілген № _______ лицензиясы негізінде іс-әрекет жасайтын ______________________

      ____________________________________________________________арқылы

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің

      ____________________________________________________________________

      аты (бар болса))

      бір жағынан, және жеке тұлға __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің

      ____________________________________________________________________

      аты (бар болса),

      ____________________________________________________________________

      туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

      ___________ _______ жылғы "___" _________ берілген ___________________,

      (кім)                   (берген күні)                   (сериясы, нөмірі))

      ___________________ жеке сәйкестендіру нөмірі бар, бұдан әрі "Салымшы (Алушы)"

      деп аталады, екінші жағынан, осы Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен

      қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) мына төмендегілер жайында жасасты:

1. Шарттың мәні

      1. Салымшы (Алушы) Шартқа сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын енгізеді, ал Қор оларды қабылдауға және міндеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес орындауға міндеттенеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Қор:

      1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға;

      2) Салымшыға (Алушыға) № _________ жеке зейнетақы шотын ашуға;

      3) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарын және оған жасалған төлемдердің жеке есебін жүзеге асыруға;

      4) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарына инвестициялық кірісті есептеуге;

      5) Салымшыға (Алушыға) жылына кемінде 1 (бір) рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күніне, оның сұратуы бойынша оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруге және Салымшымен (Алушымен), сондай-ақ үшінші тұлғамен келісім бойынша "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 57-бабында көзделген талаптарды ескеріп, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

      6) Шартты жасасу кезінде, сондай-ақ Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Қордың зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы және орналасқан орны туралы, сондай-ақ Қордың акционерлері туралы мәліметтерді Шарттың 6-тармағының 1) тармақшасында белгіленген көлемде беруге;

      7) Шартты жасасу кезінде Салымшыны (Алушыны) Қордың зейнетақы қағидаларымен таныстыруға;

      8) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Салымшының (Алушының) мүддесін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, кастодиан-банктің ауысқаны туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы қағидаларына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты беруге;

      9) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің мәселелері бойынша оған консультациялық қызметтер көрсетуге;

      10) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша эмитенттердің атауын, қаржы құралдарының түрін, қаржы құралдарының саны мен ағымдағы құнын, осы қаржы құралдарына инвестициялар мөлшерінің Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына пайыздық арақатынасын көрсете отырып, Қордың зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы қағидаларында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде Салымшының (Алушының) өтінішінде көрсетілген қосымша ақпаратты ұсынуға;

      11) мына:

      уәкілетті органнан қайта ұйымдастырылуға рұқсатты алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі 2 (екі) баспа басылымдарында хабарландыруды жария ету арқылы алдағы қайта ұйымдастырылу;

      уәкілетті органға ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтаруға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын қазақ және орыс тілдеріндегі кезеңдік баспа басылымдарында хабарландыруды жариялау арқылы лицензияны ерікті түрде қайтарған;

      уәкілетті органнан Қордың лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Қордың интернет-ресурсында хабарландыруды жариялау арқылы Қордың лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе Қорды лицензиясынан айырған жағдайларда Салымшыны (Алушыны) хабардар етуге;

      12) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      13) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      14) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұл туралы Салымшыға (Алушыға) қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 2 (екі) мерзімді баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға;

      15) Салымшы (Алушы) қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген шекте жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуге;

      16) Салымшы (Алушы) қайтыс болған жағдайда, оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте Салымшының (Алушының) мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге;

      17) Қордың міндеттемелерін орындауға ықпал ететін Салымшының (Алушының) деректемелері өзгерген жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйеге бұл өзгерістерді растайтын құжаттардың негізде тиісті өзгерістерді енгізуге;

      18) Салымшы (Алушы) елу жасқа толған жағдайда не Салымшы (Алушы) мүгедек болып табылған жағдайда, не Салымшы (Алушы) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шыққан және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарын алуға құқығы туындаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын Шартта белгіленген тәртіпте зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру күнінде төлеуге міндетті.

      3. Қор:

      1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабында белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға құқылы;

      2) зейнетақымен қамсыздандыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте сотта Салымшының (Алушының) жазбаша өтініші бойынша мүддесін білдіруге құқылы;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Салымшының (Алушының) құқықтарына қысым жасамайтын және төмендетпейтін өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақының шамасы ______% құрайды (шартты жасасу күнінде).

      Зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақының шамасы ______% құрайды (шартты жасасу күнінде).

      Бір айда қалыптасқан теріс есептелген инвестициялық кіріс кезінде инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы алынбайды. Бір айдағы комиссиялық сыйақының сомасы Қордың және кастодиан банктің уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып тексеру актісінің негізінде Қордың ағымдағы шотына аударылуға жатады.

      4. Салымшы (Алушы) ерікті зейнетақы жарналарын__________________

      (ай сайын, тоқсан

      ____________________________________________________________________

      сайын, жыл сайын, біржолғы немесе тараптардың келісімі бойынша) мөлшерде енгізеді.

      5. Салымшы (Алушы) Қордың міндеттемелерін орындауына ықпал ететін барлық өзгерістер туралы олар басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он күн) ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға хабарлауға міндетті.

      6. Салымшы (Алушы):

      1) Шарт жасалған кезде, сондай-ақ жазбаша сұрату бойынша кез келген сұратылған күніне Қордың зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы мен нақты орналасқан жері туралы, сондай-ақ Қордың акционерлері туралы мынадай:

      жеке тұлғаға қатысты: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, қатысу үлесі (пайызбен);

      заңды тұлғаға қатысты: толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері (почта индексі, қаласы, көшесі, үйдің нөмірі, телефон нөмірі, факс, электрондық мекенжайы), мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректері, бірінші басшысы туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қатысу үлесі (пайызбен) көлеміндегі ақпаратты алуға;

      2) Қордың зейнетақы қағидаларымен танысуға;

      3) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;

      4) Қордан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызметтер алуға;

      5) зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      6) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес құқық туындаған кезде Шартта белгіленген тәртіпте Қордан зейнетақы төлемдерін төлемдерді жүзеге асыру күнінде алуға;

      7) өзінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте мұраға қалдыруға;

      8) Қордың іс әрекетіне сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.

3. Ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы жинақтарын аудару және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      7. Ерікті зейнетақы жарналары Шарттың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төленеді.

      8. Зейнетақы төлемдері Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес жүргізіледі. Тараптар зейнетақы төлемдерін алу тәртібін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім жасау арқылы дербес айқындайды.

      9. Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару тәртібі Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген.

4. Қордың сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      10. Қор Салымшыға (Алушыға) ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы міндетті ақпаратта ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы туралы, оның ішінде:

      1) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қорға жасалған зейнетақы жарналарының, өсімпұлдардың, зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы;

      2) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      3) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қордан жасалған зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      4) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.

      11. Егер Салымшының (Алушының) сұратуында өзгеше көзделмесе, Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша ол сұратқан кез келген күндегі Қор ұсынатын ақпаратта Шарттың 10-тармағында аталған, сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жасалған мәліметтер қамтылады.

      12. Қор Салымшыны (Алушыны) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы міндетті хабарлауды, сондай-ақ оның сұратуы бойынша кез келген сұратылған күні хабарлауды ақысыз жүргізеді.

      13. Салымшының (Алушының) өтініші бойынша жыл сайынғы міндетті хабарлау байланыс құралдары (почта, электрондық почта және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген басқа байланыс құралдары) арқылы немесе Салымшы (Алушы) жеке өтініш жасаған кезде жүргізіледі.

5. Тараптардың міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі

      14. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапкершілік атқарады.

      15. Қордың кінәсінен зейнетақы жинақтарын аударуды кешіктірген жағдайда, Қор Салымшының (Алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтарының сомасына әрбір кешіктірілген күнге (аударым жасау күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      16. Қор зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына төлемдер сомасына әрбір кешіктірілген күнге (төлем жүргізу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуі міндетті.

      17. Өсімпұлды төлеу Қорды зейнетақы жинақтарын аудару (зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру) бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

      18. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Еңсерілмейтін күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі

      19. Егер тиісінше орындау еңсерілмейтін күш салдарынан мүмкін болмаса, Шарттың тараптары Шарт бойынша мiндеттемелерiн ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      20. Өрт, су тасқыны, зілзала, табиғи апаттар, қоршауда қалу, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер және тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.

      21. Қор Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Шарттың 20-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындағанын растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.

7. Шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі мен талаптары

      22. Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей айқындалмаған және енгізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ережелер бойынша ғана жазбаша түрде өзгертіледі және толықтырылады.

      23. Шарт:

      1) заңдық күшіне енгізілген сот шешімінің негізінде;

      2) Шарт бойынша зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Салымшының (Алушының) бастамасы бойынша бір жақты тәртіпте;

      3) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотын ашқан күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Қордың бастамасы бойынша бір жақты тәртіпте;

      4) аударылған зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдері болмаған жағдайда зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өтуі бойынша;

      5) Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында ақша болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған күннен бастап 12 (он екі) ай өтуі бойынша;

      6) төленген зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдері болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өтуі бойынша;

      7) Қордағы Салымшының (Алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмауы талабымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен жасалған зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініш келіп түскен күні бұзылады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      24. Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

      25. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін Шарт қолданыста болады.

9. Қорытынды ережелер

      26. Қазақстан Республикасының соттары Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.

      27. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қарым-қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

      28. Шарт 4 данада, әрқайсысының заңды күші бірдей, қазақ және орыс тілдерінде екі данадан жасалады.

10. Тараптардың деректемелері мен қолдары

ҚОР

САЛЫМШЫ (АЛУШЫ)

_______________________________
(Қордың атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі

________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_________________________________
банк деректемелері
_________________________________
Қордың (оның филиалының немесе Шартты жасасу орны болып табылатын өзге бөлімшесінің) заңды мекенжайы, телефон нөмірі, факсы, e-mail)
_________________________________
(Қор өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) мөр орны (бар болса)

_________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
_________________________________
тұрғылықты жері, телефон нөмірі, e-mail)
зейнетақы қағидаларымен танысты:
_________________________________
Салымшының (Алушының) қолы


      2-нысан

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы

ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ

      ________ қаласы            20__ жылғы "___"__________ № ______

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ________________________________

      __________________________________________________________________,

      (Жарғыға сәйкес атауы, орналасқан жері)

      бұдан әрі "Қор" деп аталады, ________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (Жарғы немесе сенімхат)

      және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және

      қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ерікті зейнетақы

      жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға ____ жылғы "__"

      ___________ № ________ лицензиясы негізінде іс-әрекет жасайтын

      ________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ арқылы

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _________________________________________________________________________

      бір жағынан, және заңды тұлға (немесе жеке тұлға) _________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (Жарғыға сәйкес атауы, орналасқан жері - заңды тұлға үшін,

      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар

      _________________________________________________________________________ болса),

      ________________________________________________________________________________

      туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

      ____________ _______ жылғы "___" _________ берілген ___________________,

      (кім)                   (берген күні) (сериясы, нөмірі) - жеке тұлға үшін)

      бұдан әрі "Салымшы" деп аталады, _________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Жарғы немесе сенімхат)

      негізінде іс-әрекет жасайтын заңды тұлғаның өкілі ________________________

      ______________________________________________________________арқылы

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар

      ___________________________________________________________________ болса))

      екінші жағынан, және жеке тұлға _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар

      _________________________________________________________________ болса),

      ____________________________________________________________________

      туған күні және тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

      ____________ _______ жылғы "___" _________ берілген ___________________,

      (кім)                   (берген күні)                   (сериясы, нөмірі))

      ___________________жеке сәйкестендіру нөмірі бар, бұдан әрі "Алушы" деп аталады,

      үшінші жағынан, үшінші тұлғаның пайдасына осы Ерікті зейнетақы жарналары есебінен

      зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) мына төмендегілер

      жайында жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Салымшы Шартқа сәйкес Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын енгізеді, ал Қор оларды қабылдауға және Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарт талаптарына сәйкес міндеттерді орындауға міндеттенеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Қор:

      1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға;

      2) Алушыға № _________________ жеке зейнетақы шотын ашуға;

      3) Алушының зейнетақы жинақтарының және оған жасалған зейнетақы төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;

      4) Алушының зейнетақы жинақтарына инвестициялық кірісті есептеуге;

      5) Алушыға жылына кемінде 1 (бір) рет, сондай-ақ оның сұратуы бойынша кез келген сұратылған күні оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруге және Алушыға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 57-бабында көзделген талаптарды ескере отырып, Алушымен келісім бойынша оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткізудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;

      6) Шарт жасасқан кезде, сондай-ақ Салымшының және (немесе) Алушының сұратуы бойынша Қордың зейнетақы активтерін сақтауды және есебін жүргізуді жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы және орналасқан жері туралы, сондай-ақ Қордың акционерлері туралы Шарттың 6-тармағының 1) тармақшасында белгіленген көлемдегі мәліметтерді беруге;

      7) Салымшыға Алушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі болған кезде Алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беруге;

      8) Шартты жасасу кезінде Салымшыны және Алушыны Қордың зейнетақы қағидаларымен таныстыруға;

      9) Алушының сұратуы бойынша Алушының мүддесін қозғайтын барлық өзгерістер туралы ақпарат, сондай-ақ Қордың зейнетақы қағидаларына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;

      10) Алушының сұратуы бойынша оған жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге;

      11) Алушының өтініші бойынша эмитенттердің атауын, қаржы құралдарының түрін, қаржы құралдарының саны мен ағымдағы құнын, Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған қаржы құралдарына салынған инвестициялар мөлшерінің пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты, сондай-ақ Алушының өтінішінде көрсетілген қосымша ақпаратты Қордың зейнетақы қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беруге;

      12) Салымшыны және Алушыны мына жағдайларда:

      алда болатын қайта ұйымдастыру туралы уәкілетті органның қайта ұйымдастыруға рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде 2 (екі) баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыруды жариялау арқылы;

      лицензияны ерікті түрде қайтару туралы уәкілетті органға ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтаруға өтінішті уәкілетті органға берген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыруды жариялау арқылы;

      Қор лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе Қорды лицензиясынан айыру (оның ішінде қызметінің жекелеген түрлері (шағын түрлері бойынша) туралы уәкілетті органның Қор лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе Қорды лицензиясынан айыру туралы шешімін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Қордың интернет-ресурсына хабарландыруды жариялау арқылы хабардар етуге;

      13) Алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге;

      14) Алушының сұратуы бойынша Алушының зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      15) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұл туралы Салымшыға және Алушыға қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 2 (екі) мерзімдік баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға;

      16) Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген шектерде жерлеуге арналған бiржолғы төлемді төлеуге;

      17) Алушы қайтыс болған жағдайда, оның жеке зейнетақы шотындағы барлық соманы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен Алушының мұрагеріне (мұрагерлеріне) төлеуге;

      18) Қордың міндеттемелерді орындауына ықпал ететін Алушының деректемелері өзгерген жағдайда, осы өзгерістерді растайтын құжаттардың негізінде автоматтандырылған ақпарат жүйесіне тиісті өзгерістер енгізуге;

      19) Алушы елу жасқа толған жағдайда, не Алушы мүгедек болып табылған жағдайда, не Алушы Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарын алу құқығы туындаған жағдайда, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру күні Шартта белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыруға міндетті.

      3. Қор:

      1) шекті шамадан аспайтын мөлшерде және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабында белгіленген тәртіппен комиссиялық сыйақы алуға;

      2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Салымшының сот органдарына берген жазбаша өтініші бойынша оның мүдделерін білдіруге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Алушының құқықтарына қысым жасамайтын және төмендетпейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақының шамасы (шарт жасасқан күні) _____ %-ды құрайды.

      Зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақының шамасы (шарт жасасқан күні) айына _____ %-ды құрайды.

      Бір айда есептелген теріс инвестициялық кіріс қалыптасқан кезде инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы алынбайды. Бір айдағы комиссиялық сыйақының сомасы Қордың және кастодиан банктің уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып тексеру актісінің негізінде Қордың ағымдағы шотына аударылуы тиіс.

      4. Салымшы ерікті зейнетақы жарналарын ________________________

      (ай сайын, тоқсан

      ____________________________________________________________________

      сайын, жыл сайын, біржолғы немесе тараптардың келісімі бойынша) мөлшерінде енгізеді.

      5. Алушы Қордың міндеттемелерді орындауына ықпал ететін барлық өзгерістері туралы олар басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он күн) ішінде, растайтын құжаттарын ұсына отырып, Қорға хабарлауға міндетті.

      6. Алушы:

      1) Шарт жасасқан кезде, сондай-ақ кез келген сұрау салынатын күні жазбаша сұрату бойынша Қордың зейнетақы активтерін сақтауды және есебін жүргізуді жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы және нақты орналасқан жері туралы, сондай-ақ Қордың акционерлері туралы ақпаратты мынадай көлемде:

      жеке тұлғаға қатысты: тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), азаматтығы, қатысу үлесі (пайызбен);

      заңды тұлғаға қатысты: толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері (почта индексі, қала, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс, электрондық адрес), мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректерді, бірінші басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), қатысу үлесі (пайызбен) туралы деректерді алуға;

      2) Қордың зейнетақы қағидаларымен танысуға;

      3) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алуға;

      4) Қордан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызметтер алуға;

      5) зейнетақы жинақтарын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен басқа ерікті зейнетақы жинақтаушы қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;

      6) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарын алу құқығы туындаған жағдайда, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру күні Шартта белгіленген тәртіппен Қордан зейнетақы төлемдерін алуға;

      7) өзінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдыруға;

      8) Қордың іс-әрекетіне сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.

      7. Салымшы:

      1) Алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі негізінде оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;

      2) Қордың іс-әрекетіне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

3. Ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы жинақтарын аудару және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      8. Ерікті зейнетақы жарналары Шарттың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде және мөлшерде енгізіледі.

      9. Зейнетақы төлемдері Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес жүргізіледі. Алушы мен Қор зейнетақы төлемдерін алу тәртібін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім жасау арқылы дербес айқындайды.

      10. Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару тәртібі Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген.

4. Қордың сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Алушының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

      11. Қор Алушыға ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы міндетті ақпаратта ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы туралы, оның ішінде:

      1) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қорға жасалған зейнетақы жарналарының, өсімпұлдардың, зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасы;

      2) сұратылатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

      3) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Қордан жасалған зейнетақы төлемдерінің және (немесе) зейнетақы жинақтары аударымдарының және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      4) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.

      12. Егер Алушының сұратуында өзгеше көзделмесе, Алушының сұратуы бойынша ол сұратқан кез келген күндегі Қор ұсынатын ақпаратта Шарттың 11-тармағында аталған, сұрау салынатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жасалған мәліметтер қамтылады.

      13. Қор Алушыға зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы міндетті хабарлауды, сондай-ақ оның сұратуы бойынша кез келген сұрау салынған күні хабарлауды ақысыз жүргізеді.

      14. Алушының өтініші бойынша жыл сайынғы міндетті хабарлау байланыс құралдары (почта, электрондық почта және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген басқа байланыс құралдары) арқылы немесе Алушы жеке өтініш жасаған кезде жүргізіледі.

5. Тараптардың міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі

      15. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

      16. Қордың кінәсінен зейнетақы жинақтарын аударуды кешіктірген жағдайда, Қор Алушының пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтары сомасына әрбір кешіктірілген күнге (аударым жасау күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      17. Қор зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына жасалатын төлемдер сомасына әрбір кешіктірілген күнге (төлем жүргізу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

      18. Өсімпұлды төлеу Қорды зейнетақы жинақтарын аудару (зейнетақы төлемдерін жүргізу) бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

      19. Шартта реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Еңсерілмейтін күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі

      20. Егер тиісінше орындау еңсерілмейтін күш салдарынан мүмкін болмаса, Шарттың тараптары Шарт бойынша мiндеттемелерiн ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      21. Өрт, су тасқыны, зілзала, табиғи апаттар, қоршауда қалу, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер және тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.

      22. Қор Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Шарттың 21-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындағанын растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.

7. Шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі мен талаптары

      23. Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей айқындалмаған және енгізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ережелер бойынша ғана жазбаша түрде өзгертіледі және толықтырылады.

      24. Шарт:

      1) заңдық күшіне енген сот шешімінің негізінде;

      2) Шарт бойынша зейнетақы жинақтары және зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Салымшының немесе Алушының бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      3) Алушының жеке зейнетақы шотын ашқан күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде зейнетақы жинақтары мен зейнетақы жарналарының түсімдері болмаған жағдайда, Қордың бастамасы бойынша біржақты тәртіпте;

      4) аударылған зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы түсімдерінің болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінің өтуі бойынша;

      5) Алушының жеке зейнетақы шотында ақшаның болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған күннен бастап 12 (он екі) айдың өтуі бойынша;

      6) төленген зейнетақы жинақтарының қайтарылуы және зейнетақы жарналары түсімдерінің болмауы талабымен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінің өтуі бойынша;

      7) Қордағы Алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының болмауы талабымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен жасалған зейнетақы жинақтарын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы өтініш келіп түскен күні бұзылады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      25. Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      26. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін Шарт қолданыста болады.

9. Қорытынды ережелер

      27. Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.

      28. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қарым-қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

      29. Шарт 4 данада, әрқайсысының заңды күші бірдей, қазақ және орыс тілдерінде екі данадан жасалады.

10. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері мен қолдары

ҚОР
_______________________________
(Қордың атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
_______________________________
банк деректемелері
_______________________________
Қордың (оның филиалының немесе
Шартты жасасу орны болып табылатын өзге
бөлімшесінің) заңды мекенжайы,
телефон нөмірі, факсы, e-mail)
_______________________________
(Қор өкілінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), қолы)
мөр орны (бар болса)
 

САЛЫМШЫ
________________________________
(заңды тұлға үшін – атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________
банк деректемелері
________________________________
орналасқан жері, телефон нөмірі,
факсы, e-mail)
________________________________
(жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
________________________________
тұрғылықты жері, телефон нөмірі, e-mail)
зейнетақы қағидаларымен танысты:
________________________________
Салымшының қолы
 
мөр орны (бар болса – заңды
тұлға үшін)

АЛУШЫ
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
_______________________________
тұрғылықты жері, телефон нөмірі, e-mail)
зейнетақы қағидаларымен танысты:
_______________________________
Алушының қолы




Дата вступления в силу:  25.01.2017
Дата изменения акта:  28.04.2020
Дата принятия акта:  28.10.2016
Информация об официальном опубликовании акта:  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 28.02.2017 ж.
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  109843
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  258
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  006007000000 / 001008000000
Форма акта:  ДОП / ИЗМ / ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz