"Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 24 қазандағы № 738 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 23 қарашада № 14446 болып тіркелді

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы А. Рау

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 24 қазандағы
№ 738 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 247 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі

      1. Ақтөбе – Алматы.
      2. Ақтөбе – Атырау.
      3. Ақтөбе – Маңғышлақ.
      4. Алматы – Алтынкөл.
      5. Алматы – Астана.
      6. Алматы – Атырау.
      7. Алматы – Достық.
      8. Алматы – Жезқазған.
      9. Алматы – Защита.
      10. Алматы – Қостанай.
      11. Алматы – Локоть.
      12. Алматы – Маңғышлақ.
      13. Алматы – Озинки.
      14. Алматы – Орал.
      15. Алматы – Павлодар.
      16. Алматы – Петропавл.
      17. Алматы – Сарыағаш.
      18. Алматы – Шымкент.
      19. Арқалық – Астана.
      20. Астана – Айсары.
      21. Астана – Алтынкөл.
      22. Астана – Атбасар.
      23. Астана – Достық.
      24. Астана – Жезқазған.
      25. Астана – Көкшетау.
      26. Астана – Қайрақ.
      27. Астана – Қызыл-Ту - Петропавл.
      28. Астана – Лениногорск.
      29. Астана – Манғышлақ.
      30. Астана – Павлодар.
      31. Астана – Сарыағаш.
      32. Астана – Тобыл.
      33. Атырау – Ақсарай.
      34. Атырау – Астана.
      35. Атырау – Маңғышлақ.
      36. Көкшетау – Астана – Ерейментау.
      37. Көкшетау – Қызылорда.
      38. Қарағанды – Астана.
      39. Қарағанды – Петропавл.
      40. Қарағанды – Семей.
      41. Қостанай – Есіл – Арқалық.
      42. Қостанай – Қарағанды.
      43. Қызылорда – Жезқазған.
      44. Қызылорда – Петропавл.
      45. Қызылорда – Семей.
      46. Орал – Ақтөбе.
      47. Орал – Астана.
      48. Павлодар – Пресногорьковская.
      49. Шалқар – Сексеуiл.
      Ескертпе: Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына ықпал ететiн және мынадай өлшемдерге сәйкес келетiн қатынас әлеуметтiк маңызы бар қатынас болып танылады:
      1) мемлекеттік маңызы - мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда және өзге де өзара қарым-қатынастары бар мемлекеттердiң әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерінің астаналарымен және басты қалаларымен қосу;
      2) баламасыздығы - ұзақтығы үлкен әрi тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсiздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды бiр жолғы жаппай тасымалдау;
      3) әлеуметтік маңызы - халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қол жетiмдi деңгейiнiң сақталуы;
      4) қол жетiмдiлігі - азаматтардың қол жетімдi балама көлiк түрлерi жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркiн орын ауыстыру, оның шегiнен тыс шығу және кедергісiз қайтып келу мүмкiндігiн қамтамасыз ету.