"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 қазанда № 14371 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінің № 232 (28455) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiнде:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ірi қара малдың аурулары – нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру)*, iрi қара малдың обасы, қарасан, қатерлi iсiк, кемiктәрiздес энцефалопатия;»;
      мынадай мазмұнында ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе: * алып қою және жою ауыл шаруашылығы жануарлары өлген кезде жүзеге асырылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап онкүнтізбелік күні ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 4 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мырзахметов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      ҚазақстанРеспубликасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 19 қыркүйек

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 27 қыркүйек