"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 564 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 қыркүйекте № 14243 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13437 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) құжаттарды қабылдау – 2016 жылғы 11 сәуірден бастап 13 мамырды қоса алғанда, 2016 жылғы 13 маусымнан бастап 29 шілдені қоса алғанда, 2016 жылғы 15 тамыздан бастап 14 қазанды қоса алғанда;".
      2. Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастык департаменті (Н.Ә. Байжанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


      Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев