"Электр энергиясының орталықтандырылған сауда - саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 қыркүйекте № 14217 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10550 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларында:
      30-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жүйелiк оператор Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12562 болып тіркелген) бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес бекітілген тәртіпте сауда-саттықтың нәтижелерi бойынша электр энергиясын сатып алудың (сатудың) көлемдерiн келiспеген;".
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев